Адал ұрпақ-елдің болашағы

Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатының 11 класс оқушыларымен бүгін "Адал ұрпақ-елдің болашағы" тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Шараға Ақтөбе қаласының "Ақтөбе - адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің сарапшысы Тәжімұратов Айтуған Бауыржанұлы қатысты. " Адалдық алаңы" мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты жемқорлықты мүлдем қабылдамау мәдениетін қалыптастыруға бағытталып отырғандығы жөнінде айта келіп, бүгінгі таңда жүргізіліп жатқан жұмыстарына тоқталды. Оқушылар өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, оған жауаптар алып, кездесу оқушылар ойынан шықты.