Тәрбие жұмысы

Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернатында 6-11сынып оқушыларына "Қашықтықтан оқуға дайынбыз ба?","Өзіңізді вирустық аурулардан қалай сақтауға болады?" тақырыбында қашықтан бірыңғай тәрбие сағаттары өткізілді.Тәрбие сағаты мектеп директоры К. Е. Тлеумагамбетованың оқушыларға қашықтықтан оқыту жүйесіне сәттілік тілеп, вирустық аурулардан сақтанып жүрулерін ескертуімен басталды. Сынып тәрбиешілері қашықтықтан оқу процесінің ұйымдастырылу бағытымен таныстыра отырып, оқушылардың толғандырған сұрақтарына жауаптар берді. Сонымен қатар, вирустық аурулардан сақтану жолдары түсіндіріліп, кері байланыс орнатылды.Оқушылар: "Төтенше жағдайлар ережесін сақтай келе, қазіргі уақытта қашықтықтан оқыту жүйесінің тиімділігі біздің денсаулығымыздың кепілі"-деген ойларымен бөлісті.

     

24 желтоқсан 2017ж. күні 6-8, 9-11 сынып оқушыларына «Жаңа жыл-2018» атты Жаңа жылдық балмаскарад Т.Ахтанов атындағы драма         театрының жаңа жылдық бағдарламасымен жаңаша үлгіде екі мезгілде ұйымдастырылды. Оқушылар карнавалдық киімдер киіп,  би   билеп,  «Кел, Жаңа жыл», «Құтты болсын, Жаңа жыл», «Жаңа жыл» әндері айтылды, қызықты ойындар ойнатылып, Аяз ата мен        Ақшақардан сыйлықтар алды. Ескі Тауық жылымен жаңа Ит жылдары тілектерін арнады.

Мектеп директоры Жаңа жылдық тілегін арнады.

Толығырақ: «Жаңа Жыл-2018»