"АИТВ-жұқпасының алдын алу сұрақтары" тақырыбында кездесу өтті

????Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернатында ағымдағы жылдың 24 қараша күні
"1 желтоқсан - Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне" орай "АИТВ-жұқпасының алдын алу сұрақтары" тақырыбында кездесу өтті.
????Кездесу Ақтөбе облыстық ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығының эпидемиолог дәрігері Муханбетжанова Самал Жоламанқызымен 10 сыныптар аралығында өткізілді.
????Шарада адамның иммундық тапшылығы вирусы жайлы, жұғу жолдары және онымен ауырған адамның қоғамдағы құқығы айтылды. Жаңаша статистикамен танысу арқылы, облысымызда осы аталған аурумен ауыратын адамдар саны артқанын көре отырып, таңданыстарын білдірді. Дұрыс жолды таңдап, тек сабақ оқу міндеттері пікірін қолдады.

#денсаулықзорбайлық
#денісаудыңжанысау