"Ақтөбе - адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің басшысымен кездесу ұйымдыстырылды
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Категория: Тәрбие жұмысы
-
Жарияланды 26 Қараша 2021
-
Қаралды: 113
⚜Адал ұрпақ тәрбиелеу-қай уақытта болса да өз маңыздылығын жоғалтпаған мәселе. Өскелең ұрпақ сыбайлас жемқорлықтан аулақ болу үшін, мектеп қабырғасынан бастап, халқының мүддесін өз мүддесінен артық қоятын, адалдық, бауырмалдық, адамгершілік сынды асыл қасиеттерді бойына жинай білген ұрпақ тәрбиелеу басты борышымыз.
⚜ Осы мақсатта ағымдағы жылдың 26 қараша күні мектепішілік әкелер кеңесінің мүшесі Данағұл Айбол Данағұлұлының бастамасымен "Ақтөбе - адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің басшысы Серікжанов Қуанышбек Серікжанұлымен кездесу ұйымдыстырылды. Кездесуге
Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернатының "Адал ұрпақ" еріктілер клубының белсенділері қатысты.
⚜Шара барысында сыбайлас жемқорлықтың жалпы мемлекетке қауіп төндіретіні, адамдардың әл-ауқатының жақсаруына кедергі келтіретіні, экономиканың құлдырауына әкеп соғатыны, ұйымдасқан қылмысқа жол берілетіні туралы түсінік берілді.
⚜Оқушылар тарапынан сыбайлас жемқорлық мәселесіне қатысты сұрақтар қойылып, ұсыныстар мен пікірлер айтылып, кездесу аясында "Парасатты адам" моделі құрастырылды.