Психологиялық қызмет жаңалықтары
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Жарияланды 11 Қыркүйек 2021
-
Қаралды: 232
Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика – математикалық мектеп – интернатында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Отбасы күнін мерекелеу шеңберінде 6,7,8 кластарда 2021 жылдың қыркүйек айының 6-11 аралығында «Отбасым - мақтанышым» тақырыбында арттерапия жұмысы өтілді. Мақсаты: Отбасыға және жақындарына, туған – туысқандарына деген ішкі сүйіспеншілікті, ыстық сезімді, құрмет көрсетуін нығайту, жарқын ойлау мен жағымды көңіл – күй қалыптастыру.
Өтілген арттерапия жұмысы оқушылардың отбасыға деген ыстық сезімдері мен құрметтерін нығайтты, жарқын ойлау мен жағымды көңіл-күй қалыптастырды.
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Жарияланды 26 Қазан 2020
-
Қаралды: 267
2020 жылдың 26 қазанында 7-11 сынып оқушылары үшін «Әлеуметтік желінің жасөспірімдерге ықпалы» тақырыбында ZOOM қосымшасы арқылы онлайн режимінде психологиялық ақпараттандыру жұмысы өтілді. Ақпараттандыру жұмысында әлеуметтік желінің ықпалы, қауіпсіздік ережелері, кибербуллинг, әлеуметтік желі ойындары және оның әсері секілді маңызды мәліметтер айтылып, әлеуметтік желіні оңтайлы пайдалануға, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға кеңестер берілді.
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Жарияланды 24 Қазан 2020
-
Қаралды: 312
Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика – математикалық мектеп – интернатында психологиялық қызмет аясында қашықтықтан оқыту форматында 11 сынып оқушыларына 2020 жылдың қазан айында 22 – 24 аралығында «Мен үшін МОТИВАЦИЯ» тақырыбында психологиялық тренинг өтілді.
Мақсаты: 11 сынып оқушыларына «Бірыңғай мемлекеттік емтиханға дайындық» барысында өзін – өзі бақылау дағдысына үйрету, өз күшіне сенімін жоғарылату, қобалжу сезімдерімен күресе білуге үйрету және мақсатқа жету мотивациясын нығайтуға бағытталды.
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Жарияланды 07 Наурыз 2020
-
Қаралды: 358
Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика – математикалық мектеп – интернатында «Ақ бүршік жарған, қош келдің, Көктем» атты 1 - 6 наурыз аралығында ұйымдастырылған «Педагогика - психология» бірлестігінің апталығы аясында мектеп – интернаттың 11 сынып оқушыларына «Өзіңді сүю – Өмірді сүю» атты тренинг өтілді.
Мақсаты: өмір өткелдерінен сүрінбей өтуге, сенімділікті нығайтуға, көңіл – күйлерін көтеруге, қоршаған ортамен үйлесімді болуға, мақсатқа жетелеуге бағытталды.
9 сынып оқушыларына «Мандала» терапиясы өтілді.
Мақсаты: өзін – өзі тану қабілетін дамыту, көңіл – күйлерін, ішкі ой – сезімдерін реттеу арқылы тұлғаның үйлесімді дамуын үйлестіру. Аталған жұмыс тұлғаның үйлесімді дамуын үйлестіруге мүмкіндік берді, оқушылар өте белсенді, қызығушылықпен, ерекше ынтамен қатысты.