"Отбасы, мектеп жəне саналы ұрпақ - табысты одақ бейнесі" тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернатында Тəуелсіздік мерекесінің 30 жылдығына орай ата-ана, педагог, оқушы арасында 2021 жылдың 11-ші желтоқсанда "Отбасы, мектеп жəне саналы ұрпақ - табысты одақ бейнесі" тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
✅ Мақсаты: педагог пен ата-ана, оқушының жетістікке жетуі үшін бірлескен ортақ мақсаттары арқылы одақтың ынтымақтастықта жұмыс жасауын дамыту.
✅Дөңгелек үстелді "Тəуелсіздік құрдастары",10 б жəне 6 класс тəрбиешілері Толғанай Анарбекқызы мен Айсулу Куандыковна, психолог Мейрамгүл Кантарбаевна ашты.


✅Дөңгелек үстел аясында ата-аналар ұжымы "Қазіргі заман ата-анасы қандай болу керек?", педагогтар ұжымы "Ұжымдағы үйлесім жəне педагог мəртебесі", " Мəртебелі педагог моделі қандай болмақ?", Оқушылар ұжымы "Тəуелсіз, өркениетті елдің дарынды тұлғасы қандай болу керек?" тақырыптарында шығармашылық жұмыс жасады.
✅Ата-ана, педагог жəне оқушы біріге отырып, "Біз біргеміз" тренингіне белсенді қатысты. Тренинг əсерлі, қуаныш пен бірлікті, ауызбіршілікті көрсетті.
✅Дөңгелек үстел ата-ана, педагог жəне оқушы одағының берік те бірегей, табысты да ынтымақты екенін көрсетті.