"Сырғалым" қыздар клубы, "Қыз тəрбиесі-ұлт тəрбиесі" тақырыбында қыз балалар отырысы

Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернатында "Сырғалым" қыздар клубының отырысы өтті.
6-11 сынып қыз балаларына "Сырғалым" қыз балалар клубының жұмыс жоспарын клуб жетекшісі Кенжеш Курметовна таныстырды жəне мұнда қыз бала гигиенасы туралы мəселе қозғалды, екінші бөлімде 7-11 сынып қыз балаларына "Қыз тəрбиесі-ұлт тəрбиесі" тақырыбында қыз баланың жеке тұлға болып қалыптасуын жетілдіру, жас жеткіншектер арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу мəселелері айтылды.

Мектеп дəрігері Ақбөбек Енисейқызы мен психолог Мейрамгул Кантарбаевна қыз балаларға ерте жүктіліктің алдын алу туралы дəрістер, бейнебаяндар жəне кеңестер ұсынды.
"Сырғалым" қыз балалар клубы аясында мектеп-интернаттың қыз балаларымен өзара кең көлемде пікірлесу өтілді. Шара аясында "Қыз бала ұлттың ұяты, халықтың шырайы" екені дəріптелді.