Психологиялық қызмет жаңалықтары

????????????????????????????????Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернатында 2022 жылдың 7-10 ақпан аралығында 9,11 класс оқушыларына "Ұйқыдағы қала" психологиялық ойыны өтілді.
???? Мақсаты: бірлесе жұмыс жасау арқылы өміршеңдігі, яғни маңызы бар мамандықтарға мән беру, кәсіп таңдау мәдениетін қалыптастыру.
????Бұл ойын аясында оқушылар топтарға бөлініп, басқарушылық, зияткерлік, бизнес бағыты бойынша белсенді жұмыс жасады.
????Ойын арқылы болашақтағы өз мамандығының мүмкіндігін көру, қызығушылығына қарай оңтайлы және табысты мамандық таңдауға бағытталу жолға қойылды.

????????????????????????????????Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернатында 2022 жылдың 7-10 ақпан аралығында 9,11 класс оқушылары үшін «Емтихан» психологиялық ойыны өтілді.
???? Мақсаты: Оқу процесіндегі маңызды емтихан кезіндегі күйзелістік ахуалдың алдын алу және психологиялық дайындығын нығайту.
????Оқушылар үшін емтихан ойыны әсерлі, жағымды болды.
????Бұл ойын 9-шы және 11 класс оқушыларын алдағы маңызды емтиханға дайындық жасау негізінде ұйымдастырылды.

⚛️⚛️⚛️⚛️⚛️⚛️⚛️⚛️Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернатында 2022 жылдың 5 ақпанында интернат тәрбиеленушілерінің бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында "Өзін-өзі тану және бақыт" фракция көшбасшысы, 10 "А" сынып оқушысы Саламатова Фарида Саламатқызы, психолог Истигулова Мейрамгул Кантарбаевнаның ұйымдастыруымен "Мафия" ойыны өткізілді.

Толығырақ: "Мафия" ойыны өткізілді

????????????????????????????????????Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернатында 2022 жылдың 24-29 қаңтар аралығында "Жат діннен аулақ бол" тақырыбында психологиялық ағарту, алдын алу жұмысы өтті. Аталған жұмыс 6-11 класс аралығында әрбір класс бойынша жеке өткізілді.
????Мақсаты: теріс пиғылды діни ағымдардан сақтанудың жолдарын оқушылар санасына ұғындыру.

Толығырақ: Жат діннен аулақ бол

✨✨✨✨✨✨✨Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика – математикалық мектеп – интернатында 2022 жылдың қаңтар айының 29– шы жұлдызында 7 «А» класс тәрбиешісі Г.Оралбаевамен бірге психолог М.Истигулованың ұйымдастыруымен 7 «А» класында “Мен өмірге құштармын” тренинг сабағы өтілді.
????Мақсаты: білім алушылардың оң психо – эмоционалдық көңіл – күйін қалыптастыру, өмірге деген құштарлығын, қызығушылығын ояту, өмірде кездесетін әртүрлі жағдайлар туралы ақпарат беру.

Толығырақ: “Мен өмірге құштармын” тренинг сабағы өтті