Психологиялық қызмет жаңалықтары
"Құпия дос" акциясы
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Жарияланды 30 Қараша 2021
-
Қаралды: 257
Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика - математикалық мектеп - интернатында 27-30 қараша аралығында "Өзін-өзі тану жəне бақыт" фракциясының көшбасшылары Мұқанов Нұржан мен Саламатова Фарида, психолог Мейрамгул Кантарбаевна жəне педагог-ұйымдастырушы Гүлнар Жонысовнаның ұйымдастыруымен "Құпия дос" акциясы өтті.
"Құпия дос" акциясының шарты: ұжымдағы өзіңіздің құпия досыңызға өлең жолдары, сурет немесе қолөнер жəне тағы да басқа өз қолыңыздан туындаған немесе өзіңіздің көңіліңізге ерекше ұнайтын туындыларыңызды сыйға тарта аласыздар. Досыңыз сыйды сізден екенін білмеуі керек, жанында Сіз сияқты досы барын ішкі интуициямен табуы тиіс. Өз досыңызға əдемі жəне жарқын көңіл-күй сыйлауға шақырамыз!
"Құпия дос" акциясы барысында арнайы стенді жасақталып, оқушылар құпия досына арнаған өз сыйларын стендке ілді. Ұйымдастыршылар сыйларды иелеріне табыстады.
Акция аясында оқушылар өзінің жанына жақын достарына құпиялықпен əдемі де, жарқын көңіл - күй сыйлады. Акцияға "Мектеп парламенті" мүшелері мен мектеп оқушылары қызығушылықпен қатысты.