Адалдық-асыл қасиет

♻️????♻️????♻️????♻️????♻️Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернатында 2022 жылдың 21 қаңтар күні оқушылардың бойына рухани адамгершілік қасиеттерді ұялату және мейірбан, ақылды, адал, шыншыл, қайырымды т. б адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал ету мақсатында "Өзін-өзі тану" пәні мұғалімі А.Карасаева мен психолог М.Истигулованың ұйымдастыруымен 6-7 класс оқушыларына "Адалдық-асыл қасиет" тақырыбында ертегі терапиясы өтті.
????Ертегі терапиясында кейіпкерлерге ену арқылы адамның адамгершілік, адалдық, саналылық дәрежесі - оның тәртібі мен іс - әрекетін анықтайтынын және оның абырой-атағын арттыратын ізгі қасиет екені дәріптелді.
????Адалдық терапиясы аясында "Оқушы үні" жәшігі таныстырылды.
???? "Оқушы үні"- оқушылар мен ұстаздардың өзара тиімді, адал да шынайы қарым-қатынас орнатуына көмектеседі.