Жат діннен аулақ бол

🌀💠🌀💠🌀💠🌀💠🌀Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернатында 2022 жылдың 24-29 қаңтар аралығында "Жат діннен аулақ бол" тақырыбында психологиялық ағарту, алдын алу жұмысы өтті. Аталған жұмыс 6-11 класс аралығында әрбір класс бойынша жеке өткізілді.
🌀Мақсаты: теріс пиғылды діни ағымдардан сақтанудың жолдарын оқушылар санасына ұғындыру.

🌀Ағарту жұмысы аясында теріс пиғылды діни ұйымдардың қалыптасқан психологиялық тәуелділік әдістері, жеке тұлға санасына әсері және сананың өзгеруі, саналы түрде эмоцияның бұзылуы, жалпы адамзатқа психологиялық зиян келтіруі туралы айтылды.
📝"Жат діннен аулақ бол" тақырыбында өтілген психологиялық ағарту, алдын алу жұмысы негізінде оқушылармен кері байланыс жасалып, жадынамалар таратылып, кеңес жұмыстары жүргізілді.