"Мафия" ойыны өткізілді

⚛️⚛️⚛️⚛️⚛️⚛️⚛️⚛️Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернатында 2022 жылдың 5 ақпанында интернат тәрбиеленушілерінің бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында "Өзін-өзі тану және бақыт" фракция көшбасшысы, 10 "А" сынып оқушысы Саламатова Фарида Саламатқызы, психолог Истигулова Мейрамгул Кантарбаевнаның ұйымдастыруымен "Мафия" ойыны өткізілді.


🎯Мақсаты: оқушылардың көшбасшылық, көрегендік қабілеттерін, логикалық ойлауы мен актерлік шеберлігін дамыту және ортада әлеуметтенуіне ықпал ету.
🎯Бұл ойын ересектер де, балалар да ойнай алатын детективтік сюжеттік желісі бар қызықты психологиялық кезекті рөлдік ойын.
🎯Мафия ойыны ойыншыларға интуицияны, төзімділікті, байқағыштықты, аналитикалық шеберлікті және актерлік қабілетті көрсетуге мүмкіндік береді.
🎯Ойын оқушылар үшін қызықты әрі тартымды, әсерлі болды.