“Мен өмірге құштармын” тренинг сабағы өтті

✨✨✨✨✨✨✨Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика – математикалық мектеп – интернатында 2022 жылдың қаңтар айының 29– шы жұлдызында 7 «А» класс тәрбиешісі Г.Оралбаевамен бірге психолог М.Истигулованың ұйымдастыруымен 7 «А» класында “Мен өмірге құштармын” тренинг сабағы өтілді.
🔶Мақсаты: білім алушылардың оң психо – эмоционалдық көңіл – күйін қалыптастыру, өмірге деген құштарлығын, қызығушылығын ояту, өмірде кездесетін әртүрлі жағдайлар туралы ақпарат беру.

🔶Тренинг барысында «Шекарасыз өмір сүр» бейнежазбалары көрсетілді. Мұнда австралиялық мотивациялық оратор Ник Вуйчичтің өмірлік тағылымдарына басымдылық беріліп, жарқын өмір сүруге бағыт – бағдар берілді.
🔶Тренинг сабағына физика пәнінің мұғалімі Э.Марқабай қатысты. Оқушылармен кері байланыс жасалып, бүгінгі тренинг сабағы бойынша пікірлері тыңдалды.