Ата-аналарға "Идеалды үй" психологиялық тренингі
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Категория: Психологиялық қызмет жаңалықтары
-
Жарияланды 18 Қараша 2022
-
Қаралды: 305
Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатында 2022 жылдың қараша айының 18 жұлдызында отбасының физиологиялық және психологиялық қауіпсіздік, сүйіспеншілік пен сыйластық деңгейлерін, өзін-өзі дамыту мүмкіндіктерін бағалау және жетілдіру мақсатында ата-аналар жиналысында ата-аналарға "Идеалды үй" психологиялық тренингі өтті.
✅Психологиялық тренинг ата-аналарға отбасының және өз мүмкіндіктерін бағалауға, әрі қарай жетілдіруге ықпал етті, жағымды атмосфера сыйлады.
"Өмірді бағала!" психологиялық ағарту
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Категория: Психологиялық қызмет жаңалықтары
-
Жарияланды 17 Қараша 2022
-
Қаралды: 225
Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатында 2022 жылдың қараша айында "Құқықбұзушылықтың алдын алу - басты міндет" атты құқықтық онкүндік аясында 10 "Б" класында "Өмірді бағала!" атты психологиялық ағарту жұмысы класс тәрбиешісі З.Бекмагамбетова мен психолог М.Истигулованың ұйымдастыруымен өтті.
????Мақсаты: оқушыларға өмір ұғымын түсіндіре отырып, құқықбұзушылықтың алдын алу, өмірде кездесетін әртүрлі жағдайлар туралы ақпарат беру, балалардың өмірге деген қызығушылығын ояту.
Мемлекеттің басты рәміздерінің бірі - гимн
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Категория: Тәрбие жұмысы
-
Жарияланды 14 Қараша 2022
-
Қаралды: 193
Мемлекеттің басты рәміздерінің бірі - гимн.
Гимнде жазылған өлең шумақтары-адамға зор рухани әсер беретін күштің, халықтың, ұлттың, мемлекеттің, елдің бірлігінің нышаны сипатталады.
Әр жаңа жұмыс аптасын мемлекеттік гимнмен бастау Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатында дәстүрге айналды.
Тәуелсіздігіміздің айқын діңгегі-ел бірлігі баса айтылған мемлекеттік гимінді жатқа айту, құрметтеу, қастерлеу-баршамыздың борышымыз!
Бокс секциясы жұмысын бастады
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Категория: Тәрбие жұмысы
-
Жарияланды 13 Қараша 2022
-
Қаралды: 145
Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернаты мен "Бибарс" спорт клубының ынтымақтастық меморандумы аясында интернат тәрбиеленушілерінің бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру мақсатында бокс секциясы жұмысын бастады. Әр аптаның сейсенбі және бейсенбі күндері 34 оқушы жаттығуға қатысады.
Жаттықтырушы Уббаниязов Аллаяр Жолдасбаевич бокстан спорт шебері.
Адал ұрпақ-елдің болашағы
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Категория: Тәрбие жұмысы
-
Жарияланды 13 Қараша 2022
-
Қаралды: 171
Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатының 11 класс оқушыларымен бүгін "Адал ұрпақ-елдің болашағы" тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Шараға Ақтөбе қаласының "Ақтөбе - адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің сарапшысы Тәжімұратов Айтуған Бауыржанұлы қатысты. " Адалдық алаңы" мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты жемқорлықты мүлдем қабылдамау мәдениетін қалыптастыруға бағытталып отырғандығы жөнінде айта келіп, бүгінгі таңда жүргізіліп жатқан жұмыстарына тоқталды. Оқушылар өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, оған жауаптар алып, кездесу оқушылар ойынан шықты.