"Суреттік техника" арттерапиясы
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Категория: Психологиялық қызмет жаңалықтары
-
Жарияланды 16 Қазан 2023
-
Қаралды: 110
Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатында 2023 жылдың қазан айында психологиялық қызмет аясында 6"А", 6"Б", 7, 8 класс оқушыларына "Суреттік техника" тақырыбында арттерапия өтілді.
????Мақсаты: ішкі жан әлемінің үйлесімді болуын, жағымды ахуалды, өмірлік дұрыс ұстанымды, жауапкершілікті және өз-өзіне талдау жасауды қалыптастыру.
✅Арттерапия оқушыларға бойындағы шығармашылық, коммуникативтілік, жауапкершілік, визуализация сияқты құзыреттіліктерді қалыптасуға және ортаға бейімделу қабілетін арттыруға, шаршаудан арылтуға, жағымды ахуал қалыптастыруға мүмкіндік берді, арттерапия оқушыларға қызықты, әсерлі болды.
ЭМОЦИЯ ЭНЕРГИЯСЫ
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Категория: Психологиялық қызмет жаңалықтары
-
Жарияланды 11 Қазан 2023
-
Қаралды: 110
Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатында 2023 жылы қазан айының 9-10 жұлдызында 6 "А,Б" класс оқушыларына «Эмоция энергиясы» тақырыбында психологиялық түзету-дамыту жұмысы өтілді. ????Мақсаты: Оқушылардың көңіл - күйлерін реттеу, өз эмоциясын басқаруға және басқаның эмоциясын түсінуге үйрету, өзара қарым – қатынасты нығайту. ✅Аталған жұмыс оқушыларға жақсы әсер қалдырды, өзара пікірлесу, өзара қарым-қатынас жасау орын алды, эмоция және оның маңызы, әсері, түсіну туралы білімдерін кеңейтті. ✅Түзету-дамыту жұмысына 6 "А" класс тәрбиешісі К.Қ.Жазықбаева және педагог-ұйымдастырушы Г.Ж.Имангалиева қатысты.
Дублер күні
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Категория: Тәрбие жұмысы
-
Жарияланды 06 Қазан 2023
-
Қаралды: 107
Ұстаздар күніне орай ертең 6 қазан күні лицей-интернатта Дублер күні. Ұстаздардың орнына 11 "А" және 11 "Б" сынып оқушылары сабақ беріп, оқу-тәрбие процесіне жауап беретін болады.
Мың алғыс сізге, ҰСТАЗЫМ!????
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Категория: Жаңалықтар
-
Жарияланды 06 Қазан 2023
-
Қаралды: 101
Бүгін Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатының ұстаздар қауымына биылғы оқу жылының түлектері 11 "Б" сынып оқушылары мерекелік көңіл-күй сыйлап, жүрек жарды құттықтауларын жеткізді. Сынып тәрбиешісі Бекмагамбетова Задагул Хамитаевнаға және белсенді ата-аналарға ризашылығымызды білдіреміз!