ЭМОЦИЯ ЭНЕРГИЯСЫ
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Категория: Психологиялық қызмет жаңалықтары
-
Жарияланды 11 Қазан 2023
-
Қаралды: 51
Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатында 2023 жылы қазан айының 9-10 жұлдызында 6 "А,Б" класс оқушыларына «Эмоция энергиясы» тақырыбында психологиялық түзету-дамыту жұмысы өтілді. ????Мақсаты: Оқушылардың көңіл - күйлерін реттеу, өз эмоциясын басқаруға және басқаның эмоциясын түсінуге үйрету, өзара қарым – қатынасты нығайту. ✅Аталған жұмыс оқушыларға жақсы әсер қалдырды, өзара пікірлесу, өзара қарым-қатынас жасау орын алды, эмоция және оның маңызы, әсері, түсіну туралы білімдерін кеңейтті. ✅Түзету-дамыту жұмысына 6 "А" класс тәрбиешісі К.Қ.Жазықбаева және педагог-ұйымдастырушы Г.Ж.Имангалиева қатысты.
Дублер күні
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Категория: Тәрбие жұмысы
-
Жарияланды 06 Қазан 2023
-
Қаралды: 52
Ұстаздар күніне орай ертең 6 қазан күні лицей-интернатта Дублер күні. Ұстаздардың орнына 11 "А" және 11 "Б" сынып оқушылары сабақ беріп, оқу-тәрбие процесіне жауап беретін болады.
Мың алғыс сізге, ҰСТАЗЫМ!????
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Категория: Жаңалықтар
-
Жарияланды 06 Қазан 2023
-
Қаралды: 54
Бүгін Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатының ұстаздар қауымына биылғы оқу жылының түлектері 11 "Б" сынып оқушылары мерекелік көңіл-күй сыйлап, жүрек жарды құттықтауларын жеткізді. Сынып тәрбиешісі Бекмагамбетова Задагул Хамитаевнаға және белсенді ата-аналарға ризашылығымызды білдіреміз!
Лицейішілік әдістемелік кеңес өтті
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Категория: Жаңалықтар
-
Жарияланды 05 Қазан 2023
-
Қаралды: 68
????????????????????????????????Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатында 2023 жылдың қыркүйек айының 20 жұлдызында лицейішілік әдістемелік кеңес өтті.
????Әдістемелік кеңес мақсаты: білім беру процесін тиімді ұйымдастыру барысында қолданыстағы заңнаманы ұстануға, оқу бағдарламаларын іске асырудың бірыңғай тәсілдерін қалыптастыруда әдістемелік нұсқау хатты пайдалану арқылы пән мұғалімдерінің құзыреттіліктерін арттыру.
????Әдістемелік кеңесте:
- 2023-2024 оқу жылына арналған лицей-интернаттың әдістемелік жұмыс жоспарымен және "Мектеп-мектепке" әдістемелік, тәлімгерлікті қолдауды жүзеге асыру жоспарымен таныстыру/Р.К.Аяуова- әдістемелік жұмыс жетекшісі/,
- 2023-2024 оқу жылына арналған әдістемелік нұсқау хатымен таныстыру (Ы.Алтынсарин ат.ҰБА ҒК-нің 25.04.2023ж нөмері 3 хаттамасы) / К.Ж.Кулымов- оқу ісінің орынбасары/,
- 2023-2024 оқу жылы бойынша пән бірлестіктердің жұмыс жоспарымен және бірлестік бойынша әдістемелік нұсқау хаттары ерекшеліктері туралы ақпарат беру/О.Саржанов, Ә.Ж.Тәжібай, А.С.Рамазанова, С.К.Нурмагамбетова, Б.З.Айетова- бірлестік жетекшілері/,
- "Жас қанат" жас мамандар мектебінің жұмыс жоспарымен таныстыру/А.Н.Султанмуратова- топ жетекшісі/,
-"Ұлағат" кәсіби- шығармашылық топтың жұмысымен танысу/Г.Сатаева-топ жетекшісі/,
-"Үздіктен үйрен" "ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАР ПАНОРАМАСЫ" республикалық конкурсының шарттары, өз жұмыстарын ұсыну туралы мәліметтер/А.Ә.Жолмағанбет- республикалық конкурс жүлдегері, математика пәнінің мұғалімі/,
- "Мұғалімнің мотивациялық іс-әрекетін бағалау" сауалнамасы/М.К.Истигулова- психолог/ т.б жұмыстар ұйымдастырылды.
????Кеңес соңында ұсынылған мәселелер талқыланып, бірлескен шешім ретінде қаулы қабылданды.