Ата-аналар жиналысы өтті

Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатында ағымдағы жылдың 10 қараша күні «Біртұтас тәрбие бағдарламасы: құндылықтар және оны іске асыру» тақырыбында І оқу тоқсаның қорытындылуға арналған ата-аналар жиналысы өтті.
⚜️Жиналыстың І бөлімі «Ашық есік» форматында өтті.Ашық есік барысында ата-аналар пән мұғалімдерімен жеке кездесіп, І тоқсаннның қорытындысы бойынша балаларының үлгерімдерімен танысып, пән бойынша көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, мұғалімдерімен кеңесті.