ЖҮРЕКТІ ТЕБІРЕНТКЕН "АЙНАЛАЙЫН"

⚜️«Театр және балалар» жобасы аясында Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатының оқушылары Т.Ахтанов атындағы драма театрына барды.
⚜️Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театрының кезекті премьерасы Барзу Абдуразаковтың "Айналайын" атты драмасынан оқушылардың алған әсері ерекше. Спектакль барысында ананың жоғары лауазымды баласына тек қана телефон арқылы сөйлесуі, ал оның оғаш сөздері мен қылықтары үшін ренжімей, қайта тілеуін тілеп, шексіз мейіріміне бөлеп, жалғыздықтан жапа шеккен ананың сүйініші мен күйінішін сездіріп, оқушылардың көзіне үйірді.
⚜️Ананың ролін сомдаған театр актрисасы, Мәдениет саласының үздігі Майра Илиясованың баласына деген шексіз сүйіспеншілікке толы образы қойылымда шеберлікпен көрініс тауып, көрермендерді қатты тебірентті. Ал баласының роліндегі жас актер Рахат Төрежанов сөзсіз, кейіпкерін сәтті сомдап шықты. Спектакльде ананың өзіне тән қасиетті бейнесі тереңдікпен жеткізілген.
⚜️Бұл қойылымның көрерменге, әсіресе жастарға берер тәрбиелік мәні зор. Баласына ғана арналған мейірімге толы ғұмыры арқылы ана махаббаты суреттелген.