"Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда" атты тимбилдинг ұйымдастырылды

Отбасы күні аясында Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатында "Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда" атты тимбилдинг ұйымдастырылды. Шара жаңадан қабылданған оқушылар мен тәрбиешілерінің және ата-аналардың арасындағы достық қарым-қатынасын, ынтымақтастықты арттыру мақсатында өтті. Лицей-интернат директоры Қ. Е. Тлеумагамбетова тимбилдингті ашып, топтарға сәттілік тілеп, белсенді ата-аналарға алғыс білдірді. Тимбилдингке 6 "А" сыныбынан Исмурзиндер мен Қызырбектер отбасы сынып тәрбиешісі К.Жазықбаева, 6 "Б" сыныбынан Кульниязовтар мен Кенжебаевтар отбасы сынып тәрбиешісі Т.Алдоңғарова, 7 сыныбынан Баймурзиндер мен Бертазиндер отбасы және сынып тәрбиешісі Ж. Кулмуханбетова қатысты. Нәтижесінде: 1 орын-"Шаңырақ" тобы 6 "Б" сынып;
2 орын-"Береке" тобы 6 "А" сынып
3 орын- "Бірлік" тобы 7 сынып.
Әділ-қазылар алқасында "Ұлағат" әкелер кеңесінің белді мүшесі С. Қыстаубаев төрелік етті. Белсенділік танытқан ата-аналарға, қолдау білдірген тәрбиешілерге шексіз ризашылығымызды білдіреміз.