Салтанатты кеш
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Категория: Тәрбие жұмысы
-
Жарияланды 01 Ақпан 2018
-
Қаралды: 1172
14 желтоқсан 2017 ж күні Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернатында 16 желтоқсан Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күніне арналған «Тәуелсіздік елімнің ерлік жолы» атты салтанатты кеш ұйымдастырылды. Мақсаты: Тәуелсіздіктің Қазақ елі үшін 26 жылда жеткен жетістігін мақтан тұту арқылы оқушылардың патриоттық сезімдерін нығайту. Халқымыздың асыл да ардақты мұрасы киелі қара домбырадан «Балбырауын» күйін А.Зинел, А.Нұранов, М.Сансызбаев төгілте орындау арқылы бастады. 6 сынып оқушылары Тәуелсіздікке тақпақтар айтып, «Біз Отанның ұланымыз» әнімен монтажды аяқтады.
Мектеп ұжымы мен оқушыларын мектеп директоры К.Е.Тлеумагамбетова құттықтау сөз ала отырып, әдістемелік жұмыстардың қарқынды белең алуына ат салысқан мектеп қызметкерлерін марапаттап, алдағы оқу жылына шығармашылық табыс тіледі «Мен қазақ қызымын» әнін 9 сынып оқушысы А.Аманқосқызы нақышына келтіріп орындады. 7 сынып оқушысы Д.Итемген, 8 сыныптан Д.Жақсылық мәнерлеп, тебірентіп өлең оқыса, 8 сыныптан П.Сағынтаева «Тәуелсіздік» атты өз өлеңін оқып берді. 6 сынып қыздары «Шашу» биден шашу шашты. Заманымыздың заңғар тұлғасы Ә.Кекілбаевтың құрметіне арнап, 10 сынып оқушылары «Ханша дария хикаясынан» театрландырылған қойылым көрсетті.Жетекшісі-қазақ тілі пәні мұғалімі Б.Айетова. Қойылым жоғары деңгейде көрсетіліп, көпшілік қауымның көңілінен шықты.Экраннан Қазақ Елінің 26 жылдығы мен Тәуелсіздігі туралы видео слайд көрсетілді. Ф.Есеналина «Тәжік биі №4» туындысын фортепианода ойнады. 6 сынып оқушылары И.Аққайыр, С.Есқалиев «Қара бауыр қасқалдақ» әнін сазымен айтып, 8 сынып оқушысы Д.Суендикова «Мәңгілік ел» әнімен кешті аяқтады.Кешті 10 сынып оқушылары И.Тоғызбаев пен Е.Сейтқалиева жүргізді. Салтанатты кештен оқушылардың патриоттық сезімдері, елге, Отанға деген құрметі арта түсті.