Қайырымдылық шара
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Категория: Тәрбие жұмысы
-
Жарияланды 01 Ақпан 2018
-
Қаралды: 1180
Елбасының Болашаққа бағдар: «Рухани жаңғыру» мақаласы аясында құрылған «Тәрбие.Білім.Дарындылық» «Отаным-тағдырым» Әлеуметтік қолдауды қажет ететін балаларға көмек ретінде «Мейірімділік» жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Жәрмеңкеге әр класс оқушылары тәтті тағамдар пісіріп, қолдан әшекей бұйымдарын жасап, көрпешелерді тігіп, сәбилерге арналған шұлықтарды тоқып алып келген. Жәрмеңкеге ұстаздар да өз үлестерін қосып, тұрмысқа қажетті бұйымдарын сатты. Жәрмеңкеден 45971 теңге қаражат жиналды.
Жиналған қаражатқа «Жүректен жүрекке» әлеуметтік акциясы ұйымдастырылды. «Жүректен жүрекке» әлеуметтік акциясы -бойында кемістігі бар, үйден оқытылатын балалардың үйіне барып, қажетті оқу құралдарымен, танымдық ойыншықтар, нарды, шахмат ойындарын, жеміс-жидектер апарып берді.
Тағдыры әр түрлі балалардың кездесу барысында, табысталған сыйлықтар мен оқушыларымыздың жылы ықыласы, лебіздері көңілдеріне аз ғана болса да жылулық ұялатып, қуаныш сезімдерін тудырды. Аналарының ризашылығы мен балаларының қуанған жүздерін көріп, мектеп-интернат оқушылары да қайырымды іс жасаудың мән-мағынасын түсінгендей болды.Мектеп-интернат ұжымы мен ата-аналар және оқушылар ризашылыққа бөленіп, алғысқа иеленді. Ұйымдастырылған жұмыстардың нәтижесінде оқушылардың мейірімділік, қамқорлық, жомарттық, жанашырлық сезімдері оянып, өмірді бағалай білуге, қанағатшыл болуға үйренді.
Сонымен қатар, психикасы тежелген мектеп-балабақшасына қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды. Мақсаты: ақыл-ойында кемістігі бар балаларға көңіл бөле отырып, қуаныш сезімін сыйлау. Мектеп-интернаттың 7-8 сынып оқушылары психикасы тежелген балаларға қолдау көрсету үшін әр түрлі деңгейлік, танымдық ойыншықтар, кітаптар табыстылды. Шараға ата-аналар қауымдастығы ат салысуы нәтижесінде 45 000 теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетілді.
Мектеп-балабақша ұжымы мектеп-интернат оқушыларына ризашылықтарын білдірді.