Бокс секциясы жұмысын бастады

Мектеп-интернаттың қыз балаларының бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру мақсатында бокстан спорт шебері, халықаралық дәрежедегі жаттықтырушы, Ақтөбе облысының аға жаттықтырушысы Уббиниязов Ерәділ Жиенбайұлының қолдауымен мектебімізде бокс секциясы жұмысын бастады.


Әр аптаның сейсенбі, бейсенбі, сенбі күндері бокстан спорт шебері Убиниязова Азиза Жиенбаевна мектеп-интернаттың қыз балаларын сағат 18:00 - 19:30 аралығында жаттықтырады. Бокс секциясына мектеп-интернаттың 22 тәрбиеленушісі қатысып, дене дайындықтарын шынықтыруда.

#физмат#тәрбие