«Тәртіп-тәрбиенің бастауы» атты тақырыпта дөңгелек үстел өтті

⚜⚜⚜⚜⚜⚜⚜⚜⚜⚜⚜⚜⚜⚜⚜⚜⚜⚜⚜
✴Бүгін 23 ақпан күні Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернатының ер балаларына Ауған соғысының ардагері, Мемлекеттік «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері, «Ер-Бақыт» спорттық-патриоттық клубының төрағасы, жемқорлыққа қарсы ақпараттық-ағартушылық штаб мүшесі Қойлыбаев Марат Айтуғанұлымен «Тәртіп-тәрбиенің бастауы» атты тақырыпта дөңгелек үстел өтті.


 ✴Дөңгелек үстел барысында қонағымыз «Туған жерден артық елде жоқ, жер де жоқ», «Отбасы тәрбиенің басты ұясы», «Ел үмітін, ер ақтар, Ер атағын ел сақтар», «Жұртым» деп - жұмылып, «Елім» деп – езіліп қызмет ет» деген ұлылардың ұлағатты сөздерінен бастау алған тақырыпшалар төңірегінде әңгіме өрбітті. Кездесу кезінде оқушылар қонаққа сұрақ қойып, алған әсерлерімен бөлісті. Кездесуге қатысушы жастардың бойындағы патриоттық сезімдерін оятып, ерік-жігер беретін,  тәлім-тәрбиесі мол, үлгі-өнегеге тұңып тұрған керемет сұхбат үшін  Марат Айтуғанұлына мектеп әкімшілігі атынан зор алғысымызды білдіреміз!

#физмат#тәрбие