"Орта буынды ортаға бейімдеу" бойынша зерттеу жұмысы

Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатында 2022 жылдың қыркүйек айының 23-де "Орта буынды ортаға бейімдеу" аясында 6 класс оқушыларына темперамент ерекшеліктерін және есте сақтауды зерттеу жұмыстары өтілді.
✅Оқушының темперамент ерекшелігі мен таным үрдісі: есте сақтауы, зейіні, қабылдауы оның оқу әрекетіне ынтасын, мінез-құлқының көрінісін, оқуға немесе тапсырманы орындауға тез тартылу динамикасын айқындайды.
✅Оқушылар жүргізілген диагностикалық жұмыстарға белсенді қатысты, тапсырмаларды қызығушылықпен орындады.