"Орта буынды ортаға бейімдеу" бағытында 6 класс ата-аналар жиналысы

Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика- математикалық лицей-интернатында 2022 жылдың қазан айының 10-шы жұлдызында "Орта буынды ортаға бейімдеу" бағытында 6 класс ата-аналармен жиналыс өтілді. Мұнда лицей психологі М.Истигулова оқушылардың жаңа ортаға бейімделуі туралы жүргізілген жұмыстарға жеке-жеке ақпараттық түсіндірме жасады. Оның ішінде:
- оқушылардың темперамент типтері, мінез-құлқына қарай көрсеткіштерін түсіндіру,
- оқуды игеруде әр оқушының "есте сақтау түрлерінің көрсеткіштері",
- отбасының бала тәрбиесіндегі рөлі,
- оқушының арман-тілегінің айқындылығы,
- бала агрессиясының деңгейін зерттеудегі диагностиканың нәтижесі толығымен түсіндіріліп, ата-аналарға психолог тарапынан психологиялық кеңестер берілді.