"Эмоция бояулар" арттерапия

Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатында 2022 жылдың қазан айында 6-11 класс оқушылары арасында "Эмоция бояулары" тақырыбында арттерапия жұмысы өтілді.
📝Мақсаты: психикалық көңіл-күйді қалыпқа келтіру, жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру, жағымсыз әсерлерді ыдырату, ішкі жан әлемінің үйлесімді дамуын реттеу.
🖍️Аталған мақсатта оқушылар түрлі-түсті бояулар және ермексаздармен арттерапиялық жұмыс жасады.
✏️Жүргізілген жұмыс оқушыларға ерекше әсер қалдырды, оқушылар ұжымында жағымды, жылы атмосфера қалыптасты.