Ата-аналар жексенбілігі
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Категория: Тәрбие жұмысы
-
Жарияланды 13 Қараша 2023
-
Қаралды: 73
Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатында "Ата-аналар жексенбілігі" жоспарына сәйкес 15 қараша " Ұлттық валютаның 30 жылдығына" орай 9"Б" сыныбының ата-анасы , "Жусан Банкі" АҚ Ақтөбе филиалының қызметкері Тюменова Замира Бақытжанқызы сыныптан тыс шара өткізді. Мақсаты: лицей-интернат білім алушыларының ақша және теңге қолданысы туралы түсініктерін қалыптастыра отырып, қаржылық сауаттылықтарын арттыру. Шара барысында теңгенің даму тарихы, алғашқы банкноттардың түрлері және қазіргі теңгенің қолданысы туралы баяндалды. Сабақ соңында қазақтың " Теңге алу" ойыны негізінде кері байланыс жасалды.
«Даналық мектебі» клубына мүше ата-аналар баяндама жасады
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Категория: Тәрбие жұмысы
-
Жарияланды 13 Қараша 2023
-
Қаралды: 128
«Біртұтас тәрбие бағдарламасы: құндылықтар және оны іске асыру» тақырыбындағы ата-аналар жиналысында ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының жұмысы бойынша «Даналық мектебі» клубына мүше ата-аналар бағдарлама аясындағы алғашқы тақырыптар бойынша баяндама жасады.
6-9 сыныптардың ата-аналары үшін: «Баланың бас ұстазы – ата-ана» тақырыбында баяндама оқыған ата-аналар:
6 «А» сыныптан – Жұбанышев Әли Тыныштықұлы
6 «Б» сыныптан – Шуакбаева Алия Каирбаевна
7 сыныптан – Баймурзин Нурлан Бакытжанович
8 сыныптан – Берденова Мира Избасаровна
9 «А» сыныптан – Наубетова Лаура Камашевна
9 «Б» сыныптан – Нурмашева Гульнара Буржановна
10-11 сыныптардың ата-аналары үшін «Боламын деген баланың бетін
қақпа, белін бу...» тақырыбында баяндама оқыған ата-аналар:
10 «А» сыныптан – Барманов Галымжан Серикович
10 «Б» сыныптан – Эльмира Құламанова
11 «А» сыныптан – Лаззат Дюсенғалиева
11 «Б» сыныптан – Қырмызы Еримова
Ата-аналар жиналысына қатысып, Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының жұмысы аясында баяндама жасаған белсенді ата-аналарымызға лицей-интернат әкімшілігі атынан алғыс білдіреміз.
Біртұтас тәрбие бағдарламасы: құндылықтар және оны іске асыру
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Категория: Тәрбие жұмысы
-
Жарияланды 13 Қараша 2023
-
Қаралды: 243
Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатында ағымдағы жылдың 10 қараша күні «Біртұтас тәрбие бағдарламасы: құндылықтар және оны іске асыру» тақырыбында І оқу тоқсаның қорытындылуға арналған ата-аналар жиналысы өтті. Жиналысқа барлығы 124 ата-ана қатысты. Сынып тәрбиешілері жиналыстың күн тәртібінде төмендегідей мәселелерді ата-аналармен бірге талқылады:
1. І оқу тоқсаны бойынша сыныптың оқу үлгерімі, тәртібі.
2. «Біртұтас тәрбие бағдарламасын» іске асыру бойынша түсіндіру жұмысы .
3. Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының жұмысы бойынша «Даналық мектебі» клубына мүше ата-аналар бағдарлама аясындағы алғашқы тақырыптар бойынша баяндама жасады.
4. «Орта буындағы жаңа оқушы» бейімделу жұмыстары бойынша лицей-интернат психологі М.Истигулова 6»А», 6»Б» кластарымен жүргізілген жұмыстарын ата-аналарға таныстырды. Оның ішінде оқушының мінез-құлық ерекшеліктері, ортамен қарым-қатынасы, оқуды игерудегі таным үрдістерінің деңгейлері мен қызығушылықтары, психоэмоционалдық жай-күйі т.б. жұмыстар қозғалып, бала тәрбиесінде ата-аналарға психологиялық кеңес, ұсыныстарын жеткізді.
Ата-аналар жиналысы өтті
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Категория: Жаңалықтар
-
Жарияланды 13 Қараша 2023
-
Қаралды: 70
Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатында ағымдағы жылдың 10 қараша күні «Біртұтас тәрбие бағдарламасы: құндылықтар және оны іске асыру» тақырыбында І оқу тоқсаның қорытындылуға арналған ата-аналар жиналысы өтті.
⚜️Жиналыстың І бөлімі «Ашық есік» форматында өтті.Ашық есік барысында ата-аналар пән мұғалімдерімен жеке кездесіп, І тоқсаннның қорытындысы бойынша балаларының үлгерімдерімен танысып, пән бойынша көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, мұғалімдерімен кеңесті.