Тәуелсіз ел тірегі- білімді ұрпақ
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Категория: Жаңалықтар
-
Жарияланды 06 Ақпан 2018
-
Қаралды: 1092
Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Ақтөбе - Дарын» ӨҒТҚББО ұйымдастыруымен құрылған «Тәрбие.Білім.Дарындылық» шығармашылық топ іс шарасына орай Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика – математикалық мектеп –интернатының математика пәні бірлестігінің ұйымдастыруымен Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласын жүзеге асыру мақсатында «Тәуелсіз ел тірегі- білімді ұрпақ» тақырыбында математика апталығы болып өтті. Апталықта жас ұстаздар үлгілі сабақтар көрсетті, ал жоғары буын өкілдері түрлі деңгейдегі шеберлік кластар, панораммалық сабақтар, лекциялар өткізді.Апталықтың қорытындысында «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» деген тақырыпта математика пәні мұғалімдерінің іс – тәжірибесін бөлісуге арналған кеңейтілген отырысы болып өтті.
Толығырақ: Тәуелсіз ел тірегі- білімді ұрпақМектепішілік спорттық жарыс
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Категория: Жаңалықтар
-
Жарияланды 01 Ақпан 2018
-
Қаралды: 1439
Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернатында Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында спорттық шаралар «Ұлт саулығы-болашақ кепілі» тақырыбында өткізілді. Мақсаты: салауатты өмір салтын қалыптастыру. Интернат оқушылары арасында 9-10-11 сыныптар арасында волейболдан жарыс, ал 6,7,8 сыныптар арасында «Пионер бол» ойыны ойнатылды. Волейбол жарысына 4 командадан оқушылар қатысты.
Волейболдан жеңіске жеткен командалар:І орынға 10 сыныптар, ІІ орынға 11 сыныптар, ІІІ орынға 9 сыныптар, ІV орынға аралас топтар.
«Пионер бол» ойынынан жеңіске төмендегі командалар ие болды:
І орынға «Қыран» тобы, ІІ орынға «Динамо» тобы, ІІІ орынға «Сұңқар» тобы, ІV орынға «Жастар» тобы ие болды.
Толығырақ: Мектепішілік спорттық жарысфизика-информатика апталығы
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Категория: Жаңалықтар
-
Жарияланды 15 Желтоқсан 2017
-
Қаралды: 1089
Мектепішілік әдістемелік апталық 5-желтоқсанда физика-информатика бірлестігінде өткізілді.
8 класта физика пәнінің мұғалімі Сүлейменов Бегдулла «Заттың агрегаттық күйлері өзгерген кездегі жылу мөлшерін есептеу» атты сабағын өткізді. Сабақ кезінде жылу машиналары туралы түсінік бере отырып, жұмыс жасау принциптеріне тоқталды. Есеп шығару, шығарған есептерге талдау жасай білуге, оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамытуда топпен, интерактивті тақтамен, кітаппен жұмыс жүргізілді. Оқушылардың физика пәніне қызығушылықтары бар екендігі байқалды.
Толығырақ: физика-информатика апталығыОқушылардың математикалық сауаттылығын арттыру жолдары
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Категория: Жаңалықтар
-
Жарияланды 15 Желтоқсан 2017
-
Қаралды: 962
Бірлестік жетекшісі математика пәні мұғалімі Жанбуршина Қайнаргүлдің ұйымдастыруымен мектеп мұғалімдерінің арасында «Оқушылардың математикалық сауаттылығын арттыру жолдары» атты коучинг өтті.Коучингте ұстаздар топқа бөлініп, жаңа білім беру бағдарламасындағы кейбір ұғымдардың мәнін ашылып,өздеріне қажетті мәліметтерді алып,, жаңа көзқарастың негізгі бағыттарынашолу жасалды. Коучингте әрбір топ мүшелері өзіндік көзқарасын білдіріп,өздерінің ойларын білдірді.
Толығырақ: Оқушылардың математикалық сауаттылығын арттыру жолдарыМұғалімнің шеберлігі - сапалы білімнің кепілі
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Категория: Жаңалықтар
-
Жарияланды 14 Желтоқсан 2017
-
Қаралды: 781
Мектебімізде 3 желтоқсан – 9 желтоқсан аралығында «Мұғалімнің шеберлігі - сапалы білімнің кепілі» атты мектепішілік әдістемелік апталық өткізілді. Мектепішілік әдістемелік апталықтың мақсаты: мұғалімдердің кәсіби шеберліктерін жоғарлата отырып, өзіндік ізденістерін арттыру. 4 желтоқсанда математика бірлестігінің жетекшісі Жанбуршина Қайнаргүлдің ұйымдастыруымен «Математика саласындағы жетістіктер» атты ғылыми- танымдық фильм көрсетілді.Оқушылар видеоматериалдарды көріп,өздерінің алған әсерлерімен бөлісіп,қызығушылықтары жоғары екендігін көрсетті.
Толығырақ: Мұғалімнің шеберлігі - сапалы білімнің кепілі