«Наурыз тойы мереке, салт-дәстүрім береке» атты Наурыз-думаны өтті

 ⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️      
Қазақ  халқының салт - дәстүрін, әдет - ғұрпын үйрете отырып, Наурыз қазақтың ұлттық мейрамы екенін ашып көрсету арқылы оқушылардың санасына қазақ халқына деген мақтаныш сезімін ұялату, ана тілін, оның тарихын, өнерін, мәдениетін қастерлеуге, қазақтың салт - дәстүрлері туралы білімдерін кеңейту, сөйлеу шеберлігін жетілдіру, мәнерлеп оқуға дағдыландыру, сахналау өнеріне баулу. Халықтық педагогикаға негіздей отырып, қазақ халқының ұлттық ойындарын, ұлттық тағамдарын, нақыл сөздерін қастерлей отырып, оқушыларға ұғындыру мақсатында Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернатында  «Наурыз тойы мереке, салт-дәстүрім береке» атты Наурыз-думаны өтті.
⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️


       Мерекелік шара барысында Қыдыр ата бата берді, мың бұралған бишілер қара жорға билеп, жезтаңдай әншілер ән-жырдан шашу шашты. Қазақтың ұлттық киімдерінен дефиле көрсетілді. Сонымен қатар құрт жасау, жент жасау, қамшы өру, ою-өрнектер бастыру сияқты шеберлік сағаттары да көрініс тапты. Тұсау кесер мен қазақтың ұлттық асы -  ет табақтарын тарту рәсімдері жүргізіліп, шашу шашылды. Думанды шараны күмбірлеген қара домбырамен тартылған күйдің құдіреті, ұлттық аспаптардың сүйемелдеуімен әдемі аяқтады. Наурыз думанына қатысқан және ұйымдастырылуына ат салысқан барлық ата-аналарымызға мектеп әкімшілігі атынан алғыс білдіреміз!
⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️
      Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын! Наурыз тойы құтты болсын!!!
⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️


#физмат#тәрбие