Жемқорлықсыз өмір
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Категория: Жаңалықтар
-
Жарияланды 25 Қараша 2017
-
Қаралды: 848
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында мектеп оқушылары арасында ұйымдастырылған облыстық сырттай «Жемқорлықсыз өмір» атты үздік бейнероликтер байқауына мектеп-интернат оқушылары қатысып, өз үлестерін қосты. 11 сынып оқушысы Орынбасар Амандық «Транспарентті мемлекетті қолдаймыз!» тақырыбында бейнероликтер байқауына қатысып, нәтижесінде Орынбасар Амандық ІІ дәрежелі Дипломмен және бағалы сыйлықпен марапатталды. Амандыққа шығармашылық табыстар тілейміз!
Толығырақ: Жемқорлықсыз өмірҚұттықтаймыз!!
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Категория: Жаңалықтар
-
Жарияланды 25 Қараша 2017
-
Қаралды: 776
Аяуова Райса Қосжанқызы- ұстаздық еңбегінде оқытудың заман талабына сай, жаңа технологиялық жүйесін жетік меңгеріп, оқушылардың санасына білімді жаңаша меңгертуге мақсат еткен үлгілі ұстаз. Өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, ұлттық қасиеттеріміздің асылдарын асқақтата отырып, шәкірттеріне нұр құятын ұстазды ғана бүгінгі күннің лайықты тұлғасы деуге болады.
Толығырақ: Құттықтаймыз!!Құттықтаймыз!!!
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Категория: Жаңалықтар
-
Жарияланды 25 Қараша 2017
-
Қаралды: 811
Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернатының 7-9 сынып оқушылары өзін-өзі тану пәнінен «Мен - Қазақстан азаматымын» атты облыстық олимпиадаға қатысып, жоба қорғау нәтижесінде 7 сынып оқушысы Итемген Диас Русланұлы І орынға ие болып, республикалық олимпиадаға жолдама алды.
Толығырақ: Құттықтаймыз!!!Математика, физика, информатика мұғалімдерінің V халықаралық шығармашылық конкурсы
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Категория: Жаңалықтар
-
Жарияланды 25 Қараша 2017
-
Қаралды: 1108
Математика, физика, информатика мұғалімдерінің V халықаралық шығармашылық конкурсы 2017 жылдың 1-2 қараша күндері Алматы қаласында №178 мектеп лицейінде өткізілді. Аталған олимпиадаға Ақтөбе облысынан, Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернатының төменде аталған мұғалімдері қатысты:
1.Шерияздан Талғат-математика пәні мұғалімі;
2.Бозшин Бекболат-физика пәні мұғалімі;
3.Арызахметов Еркебұлан-математика пәні мұғалімі;
4.Тілеп Айжан-физика пәні мұғалімі;
V халықаралық шығармашылық конкурсына барлық облыстан және Ресей Федерациясынан, Украинадан барлығы 53 физик пен 107 математик қатысты.
Толығырақ: Математика, физика, информатика мұғалімдерінің V халықаралық шығармашылық конкурсы«Үздік авторлық бағдарлама» республикалық конкурсының жеңімпаздары
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Категория: Жаңалықтар
-
Жарияланды 25 Қараша 2017
-
Қаралды: 1195
2017 жылы қараша айының 8-9 күндері Алматы қаласы, Алатау шипажайында өткізілген «Үздік авторлық бағдарлама» республикалық конкурсына Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернатынан физика және тарих пәндері мұғалімдері қатысып, биік тұғырдан көріне білді. Физика пәні мұғалімдері Каракоз Енсегеновна Тлеумагамбетова мен Әсем Уәлиханқызы Насан «Мектеп қабырғасындағы қазіргі заманғы физика» тақырыбында қатысып, «Үздік авторлық бағдарлама» республикалық конкурсының жүлделі ІІ дәрежелі Дипломымен, тарих пәні мұғалімі Ботагөз Еңсегенова «Тарих толқыны» тақырыбында қатысып, «Үздік авторлық бағдарлама» республикалық конкурсының жүлделі ІІІ дәрежелі Дипломымен марапатталып, мектеп мерейін үстем етті.
Толығырақ: «Үздік авторлық бағдарлама» республикалық конкурсының жеңімпаздары