Көрісу күні аталып өтілді

⚜⚜⚜⚜⚜⚜⚜⚜⚜⚜⚜⚜⚜⚜⚜⚜⚜⚜⚜⚜
Бастауын сан мыңдаған ғасырлардан алатын, бүгінде еліміздің батыс өңірінде сақталып қалған дәстүр. Шартты түрде наурыздың 14-і «Көрісу күні» деп аталады. Ал халық арасында Наурыз мейрамын қарсы алу осы күннен басталады.

Осы күн Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернатында да жоғары деңгейде аталып өтілді. Ұстаздар мен оқушылар ұлттық нақыштағы әшекейлер тағып, киімдер киіп, бір-біріне ақ тілектерін білдірді. Наурыз көже дайындалып, оқушылар ұлттық тағамнан дәм татты. Ұлыстың Ұлы күніне оқушылар құттықтауларын жолдады.

#физмат#тәрбие