Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Палаталарының бірлескен отырысында «Қазақстан халқына жолдауын» жариялады
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Жарияланды 16 Наурыз 2022
-
Қаралды: 141
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Палаталарының бірлескен отырысында «Қазақстан халқына жолдауын» жариялады.
Қ.Тоқаев қаңтар оқиғасының зардабын, оның елдің экономикасына тигізген зияның, содан кейінгі елдің жағдайын айта келіп, жолдаудың негізгі 10 басымдығына тоқталды.
Соның ішінде біздің ойымыздан, көкейімізден шыққан – сайлау жүйесіндегі өзгеріс. Ендігі жерде облыс әкімдері сайлау жүйесі арқылы сайланса, халқына неғұрлым жақын болады ғой. Шет елдердегідей Конституциямен сот өз жерімізде құрылып жатқаны қандай мәртебе!
Сонымен қатар, халық ұсынысын да ескере отырып, Ұлы тұлғалардың есімдерін ұрпақ санасына енгізу мақсатында облыс атауларына беруі – біз үшін өте қуанарлық жағдай.
Мысалы, Абай облысы – орталығы Семей қаласы, Ұлытау облысы – орталығы Жезқазған қаласы болады. Ал Қапшағай қаласына Д.А.Қонаевтың есімін беруді ұсыну – көптің қалауы. Өз сөзінде төл теңгеміздің құнының төмендеуіне жол бермеуді басты назарда ұстауды міндет етіп қоюы елдің егемендігін сақтап, өркендеуіне негіз болады деп сенеміз.
Халқын сабырлылыққа, ауызбіршілікке шақыра отырып, өзінің халқымен бірге болатынын мәлімдеуі Президентке деген сенімімізді нығайта түсті.
Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернатының математика пәні мұғалімі Танатарова Ұштап