“Мектебім - мейірім мекені !” тақырыбындағы бірыңғай сынып сағаттары өтті.

📕Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатының 6-11 кластарында сынып жетекшілері мен сынып тәрбиешілерінің қатысуымен “Мектебім - мейірім мекені !” тақырыбындағы бірыңғай сынып сағаттары өтті.

📘Сынып сағатының соңында лицей-интернат директоры Карагоз Енсегеновна оқушыларды білім күнімен құттықтап, жаңа оқу жылына сәттілік тіледі. Сонымен қатар лицей-интернат табалдырығын биыл аттаған 6 класс оқушыларының ата-аналарымен кездесті.

📗Лицей-интернат директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Сәтбек Аманбайұлы оқушыларға лицейдің ішкі тәртіп ережелерін таныстырды, құқық қорғау органдарынан келген мамандар құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша баяндама жасады.