“Мектебім - мейірім мекені !” атты салтанатты жиын өтті

🔔Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатында 1 қыркүйек - Білім күніне арналған “Мектебім - мейірім мекені !” атты салтанатты жиын өтті.

🔔Жиынға құрметті қонақтар Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Шаңғұтов Серік Тілеулесұлы мен “Өрлеу” біліктілікті арттыру ұлттық орталығының өкілі Адилханова Марал Тенеловна қатысты.

🔔Мемлекет басшысының “Тәуелсіздік бәрінен қымбат” және Абайдың “Толық адам” тұлғалық жеке қасиеттері білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарында айқындалған құндылықтар мен басымдықтары білім күнін өткізуге негіздеме болды.

🔔Жиында лицей-интернат директоры Карагоз Енсегеновна өткен оқу жылындағы жетістіктерді баяндап, жаңа оқу жылына сәттілік тіледі.

🔔"Туған елге тағзым" жобасы аясында лицейімізің 2001 жылғы түлегі Шангутов Аслан Серікұлы демеушілік жасап, ұстаздарына құттықтауын жеткізді.

🔔Лицей-интернат табалдырығын биыл аттаған 6 класс оқушылары ант қабылдап, оларға лицей-интернаттың логотипі бейнеленген төсбелгісі тағылды. Алтын ұя мектептеріне әсем әндерін арнап, лицейдегі алғашқы қоңыраулары соғылды.