Есімдер аллеясы 6 б класс

Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатында 2023 жылы қыркүйек айының 12 - ші жұлдызында "Орта буынды ортаға бейімдеу" аясында 6 "Б" класс оқушыларына "Есімдер аллеясы" тақырыбында психологиялық жұмыс өтілді. 📝Мақсаты: оқушылар арасында жағымды атмосфера қалыптастыру, өзара танысу, өз ерекшеліктерін көре білу, ұжымда өзара достық қарым-қатынасты нығайту, жаңа ортаға дағдыландыру. ❇️Ұйымдастырылған жұмыс оқушыларға жақсы әсер қалдырды, жүздерінде жылылық, бір-біріне деген достық ілтипат ерекше көрінді.