"Позитивті ойлау" тақырыбында психологиялық тренинг өтті
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Категория: Психологиялық қызмет жаңалықтары
-
Жарияланды 17 Мамыр 2022
-
Қаралды: 429
????????????????????????????????????Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернатында 2022 жылдың мамыр айының 10-16 аралығында 9,10,11 класс оқушылары үшін "Позитивті ойлау" тақырыбында психологиялық тренинг өтілді.
✍️Тренингтің мақсаты:
сүйіспеншілік құндылығы арқылы жағымды ойлауды дамыту.
????Міндеттері:
оқушылардың «жағымды және жағымсыз ойлау» ұғымдарының мазмұнын ашу;
• позитивті ойлаудың адам өмірі мен денсаулығы үшін маңыздылығын түсіндіру, жағымды ойлау дағдыларын игеруге ықпал ету.
????️Тренинг барысында позитивті ойлаудың 5 артықшылығы жаттығуы ұйымдастырылып, оқушылар бірлесе қызығушылықпен жұмыс жасады.
????️Тренинг арқылы оқушылар жағымды ойлау әрқашан жағымды өмірге жетелейтінін түсініп, жағымсыз ойларды позитивке өзгерту қабілетін жетілдіре түсті.
Ерекше сәт. Ерекше толқыныс.
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Категория: Тәрбие жұмысы
-
Жарияланды 17 Мамыр 2022
-
Қаралды: 186
⭐Ерекше сәт. Ерекше толқыныс. Жас түлектер үшін осыдан тура 10 күннен кейін соңғы қоңырау соғылады.
⭐Бұл күн – мектеп тарихында, бітіруші түлектердің есінде мәңгі өшпейтін күн. Өнері мен білімін өз бойларына өре білген еліміздің ертеңгі тізгінін қолға алар азаматтардың үлкен жолға қадам басар шағы. Болашаққа қанат қағатын бұл сәт – әрбір оқушы үшін ең бір қымбат, ең бір қимас күндер ретінде естерінде мәңгілік қалары сөзсіз.
⭐Түлектер үшін бүгіннен бастап "Аттандық бала шақтан - болашаққа!" атты онкүндігі басталды. Онкүндік жоспары бойынша түлектер осы күндерді ерекше көңіл күйде өткізеді, барлық шаралар түлектердің құрметіне арналады.
⭐Онкүндіктің бүгін ашылу салтанаты
шет елден білімін жетілдіріп келген түлегіміз - Қармыс Мұстафаны қарсы алумен басталды. Мұстафа АҚШ-тың Нью - Йорк штатындағы Сиракуз(syracuse) қаласында "FLEX" бағдарламасымен "Bishop Grimes high school" жоғарғы мектебінде білім алып, жобалар қорғады. Осындай түлегімізбен мақтанамыз!!!
⭐Сонымен қатар ұстаздар қауымы түлектерімізге ақ тілектерін арнап, кеуделеріне қоңыраулар тақты.
#физмат#тәрбие
Экскурсия ұйымдастырды
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Категория: Тәрбие жұмысы
-
Жарияланды 13 Мамыр 2022
-
Қаралды: 229
???????????????????????????????????????????????????????? Ақтөбе облысының білім басқармасының тапсырмасына сәйкес "Өрт қауіпсіздігі" тақырыбында "Ақтөбе облысы төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі" мемлекеттік мекемесінің N2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндірушісі Ізтлеу Мәндібай мектеп-интернаттың 8 класс оқушыларына экскурсия ұйымдастырды. Экскурсия барысында жүріс-тұрыс қағидалары, жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін қауіпсіздік шараларын және зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Түсіндіру жұмыстарын жүргізді
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Категория: Тәрбие жұмысы
-
Жарияланды 13 Мамыр 2022
-
Қаралды: 176
Бүгін 11 мамыр күні Астана ауданы Сазды ПБ инспекторы, полиция аға лейтенанты Сәкен Жармаганбетов мектеп-интернаттың оқушыларымен кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу және балалардың жол, көлік жарақаттарының алдын алу мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
7 мамыр - Отан қорғаушылар күні құтты болсын!!!
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Категория: Тәрбие жұмысы
-
Жарияланды 07 Мамыр 2022
-
Қаралды: 203
⭐⭐⭐⭐⭐⭐⭐⭐⭐⭐⭐⭐⭐⭐
Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернатының ер азаматтарын ұжымның нәзік жанды арулары атынан құттықтауы!
7 мамыр - Отан қорғаушылар күні құтты болсын!!!
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің құрылғанына 30 жыл толу мерейтойымен құттықтаймыз!!!