III оқу тоқсаны бойынша оқу-тәрбие процесі туралы есебі тыңдалды
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Категория: Тәрбие жұмысы
-
Жарияланды 25 Сәуір 2022
-
Қаралды: 259
????????????????????????????????
Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернатында ата-аналар жиналысының екінші бөлімі кластарда жалғастырылды, мұнда "Қазіргі кездегі дұрыс тамақтану- сәтті болашақ" тақырыбында ата-аналар комитетінің баяндамасынан басталып, класс тәрбиешісінің сыныптың III оқу тоқсаны бойынша оқу-тәрбие процесі туралы есебі тыңдалды.
????Ата-аналарды өздерінің және балаларының жан-дүниесін түсінуге шақыру, жарасымды қарым-қатынас қалыптастыру, көңіл-күйлерін көтеру мақсатында психолог М.Истигулова "Жарасымды көңіл-күй" тақырыбында тренинг өткізді, ата-аналар тренингке қызығушылықпен қатысты.
АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ өтті
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Категория: Тәрбие жұмысы
-
Жарияланды 25 Сәуір 2022
-
Қаралды: 205
????????????????????????????????Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернатында 2022 жылдың 23 сәуірінде 6-11 класс аралығында АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ өтті. Жиналыстың бірінші бөлімінде: ????III оқу тоқсандағы оқу үлгерімі бойынша ата-аналардың пән мұғалімдерімен жеке кездесуі өтті. Ата-аналар балаларының оқу үлгерімдері туралы пән мұғалімдерімен жеке-жеке байланыс жасады.
Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Категория: Тәрбие жұмысы
-
Жарияланды 23 Сәуір 2022
-
Қаралды: 258
⚜⚜⚜⚜⚜⚜⚜⚜⚜⚜⚜⚜⚜
⚜«Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің» деген екен дана халқымыз. Қайырымдылық – халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. Адам өміріндегі ең игі істердің бірі – мұқтаж жандарға қамқорлық жасау. Адамдар бір-біріне қайырымдылық, мейірімділік таныту арқылы жақсылық жасайды.
⚜Дәл осындай игі ниеттегі ізгі іс - "Мейірім" қайырымдылық жәрмеңкесі Қасиетті Рамазан айының аясында 22.04.2022 жылы Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернатында өтті. Мектеп - интернатта 09:00-ден басталған жәрмеңкеде тәтті тағамдар мен сусындар сатылымға қойылды.
⚜Жәрмеңкеден түскен қаражат қайырымдылық шараларына жұмсалады. Қайырымдылық жәрмеңкесін атсалысқан ата-аналар, тәрбиешілер мен оқушылар қауымына айтар алғысымыз шексіз!
Облыстық олимпиада жүлдегерлерін және олардың жетекшілерін құттықтаймыз!!!
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Категория: Тәрбие жұмысы
-
Жарияланды 21 Сәуір 2022
-
Қаралды: 207
????????????????????????????????????????????????????????
Пәндік олимпиада – оқушыға ғылымның алғашқы ізденісін қалыптастыратын ең үлкен бәсеке.
Жалпы білім беретін пәндер бойынша облыстық олимпиада жүлдегерлерін және олардың жетекшілерін құттықтаймыз!!!
????????????????????????????????????????????????????????????????????????????
Болашақ біздің қолымызда!
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Категория: Тәрбие жұмысы
-
Жарияланды 19 Сәуір 2022
-
Қаралды: 222
2022 жылдың 16 сәуір күні Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернатының “FM” клубының ұйымдастыруымен “Болашақ біздің қолымызда!” атты "2022 жыл-Балалар жылы" және "Рухани Жаңғыру" бағдарламасының 5 жылдығы аясында 6-8 класстар арасында өтетін мектепішілік пікірсайыс турнирі өтті.Турнирде оқушыларға әділ төрешілік етіп, дебат жайлы өз білгендерімен бөлісу үшін Қ.Жұбанов атындағы АӨУ филология факультетінің жанынан ашылған “Shabyt” зияткерлік элиталар одағының мүшелері Әбілхайыр Әлихан, Қадірбек Іңкәр шақырылды.
Турнирге барлығы 6 фракция, 12 оқушы қатысты.
Турнир қортындысы бойынша:
????I орын- “Жас толқын” фракциясы.Аманғазы Балнұр,Төремұратов Саламат
????II орын- “FM stars” фракциясы. Муапықова Фатима,Әділхан Беймбет
????III орын- “Болашақ” фракциясы. Қасымова Ерасыл, Қуанышғали Жалғас
????“Үздік жас буын” номинациясы- Қайырғали Рамазан
????“Үздік талпыныс” номинациясы - “Физмат зиялылары” фракциясы- Сайлаубаев Әсет, Болат Сұлтан.
????“Үздік ұйымдастырушы”- Сейтқали Аружан
????Турнирдің “Үздік спикер-2022” номинациясы-Аманғазы Балнұр.