"Жазғы мектеп" басталды

Соңғы қоңырау аяқталғаннан кейін Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернатында 26 мамыр мен 17 маусым аралығында 6-8,10 сынып оқушылары үшін "Жазғы мектеп" басталды. Балаларға математика, физика сияқты негізгі пәндерден оқу кестесі берілді. Жазғы мектепке 115 оқушы қатысуда. Жазғы мектепте үй тапсырмасы орындалмайды. Бағдарламаға сенбі, жексенбі күндері ойын-сауық орталықтарына бару енгізілді.