Семинарға қатысты
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Категория: Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары
-
Жарияланды 27 Маусым 2022
-
Қаралды: 333

Ақтөбе облысының білім басқармасы ММ-нің 01.06.2022ж хатына сәйкес білім беру ұйымдарында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша тиісті деңгейде жұмыс жүргізу мақсатында 16 маусым күні Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернатында «Азаматтарға арналған үкімет» МК ХЕАҚ филиалының өкілі Жақыпов Тарғын Мәдікәрімұлының қатысуымен түсіндірме жұмыстары жүргізілді.Семинарға мектеп-интернат әкімшілігі қатысты.
Экскурсия ұйымдастырылды
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Категория: Жаңалықтар
-
Жарияланды 03 Маусым 2022
-
Қаралды: 401
"2022 жыл - Балалар жылы" деп жариялануына орай және "Рухани Жаңғыру" бағдарламасының 5 жылдығы аясында Ақтөбе облысының тарихи-мәдени мұра ескерткіштерін насихаттау мақсатында Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернатының 9 класс оқушыларына экскурсия ұйымдастырылды.
Экскурсияны ұйымдастыруға ықпал еткендері үшін Ақтөбе облысының тарихи-мәдени мұраны зерттеу, қалпына келтіру және қорғау орталығына алғыс білдіреміз!!!
Қалалық жас натуралистер стансасына саяхат
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Категория: Жаңалықтар
-
Жарияланды 03 Маусым 2022
-
Қаралды: 504
????Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернатының жазғы мектепке қатысып жатқан 6-7 класс оқушылары география пәнінің мұғалімі Т.Алдонгарова мен сынып тәрбиешісі А.Кушикбаеваның жетекшілігімен бүгін Қалалық жас натуралистер стансасына саяхатқа барды.
????Саяхат кезінде оқушылар стансаны мекендеген кішкентай достарымен танысып, оларды өз қолдарымен қоректендіруге мүмкіндік алды. Оқушыларымызға керемет көңіл күй сыйлап, мағыналы демалыс ұйымдастырған жетекшілері мен @unataktobe_naturalis қызметкерлеріне алғыс білдіреміз!
Экскурсия жасады
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Категория: Жаңалықтар
-
Жарияланды 03 Маусым 2022
-
Қаралды: 325
"Рухани Жаңғыру" бағдарламасының 5 жылдығына орай бүгін жазғы мектепке қатысып жүрген Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернатының 9 класс оқушылары қаламыздағы ескерткіштерге экскурсия жасады. Экскурсия кезінде оқушылар Әлия ескерткіші - Батырлар аллеясы - Қан мен тер ескерткіші - Абай ескерткіші - Даңқ мұнарасы сияқты қаламызға көрік беріп тұрған тарихи ескерткіштердің тарихымен танысып, тамашалауға мүмкіндік алды. Экскурсияны тарих пәнінің мұғалімі С.Нурмагамбетова мен сынып тәрбиешісі З.Бекмагамбетова ұйымдастырды.
Әсем әуен әлемі - балалық шақ!
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Категория: Жаңалықтар
-
Жарияланды 03 Маусым 2022
-
Қаралды: 400
????Жазғы мектепте білім алып жатқан 6-8 кластардың 100 оқушысына бүгін 1- маусым балаларды қорғау күніне орай "Әсем әуен әлемі - балалық шақ!" атты мерекелік шарасы ұйымдастырылды.
???? Мерекелік шараны мектеп директоры Каракоз Енсегеновна балаларды құттықтаумен бастады.
Мерекелік шара барысында "Балауса бағым, шаттық пен қуаныш ордасы" атты мерекелік концерті оқушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
????"Балаларға базарлық!" ұранымен ата-аналарымыздың демеушілігімен балалардың барлығына тәттілер мен балмұздақтар таратумен жалғасты. Ертегілер кейіпкерлері мереке иелерін құттықтап, оқушылар "Әрқашан күн сөнбесін" тақырыбында асфальтқа бормен сурет салды.
????Сонымен қатар 6-8 кластардың ер балалары "Былғары доп" футбол жарысына қатысты. Оқушыларға мерекелік шара өте қатты ұнады.








