Жаңалықтар

"Ақтөбе-Дарын" ғылыми тәжірибелік қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен ХVIII Облыстық спартакиадасына облыстық облыстық білім беру ұйымдары мұғалімдері арасында іріктеу кезеңі өтті. Мұғалімдер спорттың бес түрінен сынға түсті. Жарыс нәтижесінде: I орын М.Құсайынов атындағы дарынды балаларға арналған мектеп интернаты командасы, II орын Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық мектеп интернаты, III орын Білім инновация мектеп-лицейі командасы жеңі алды.Жеңімпаздарды құттықтаймыз.

Толығырақ...

{simplepopup name="spuImage" } {/simplepopup}

Ақтөбе теларнасының "Елім менің" бағдарламасында Ақтөбе облыстық физика-математикалық мектеп интернаты  

Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Ақтөбе - Дарын» ӨҒТҚББО ұйымдастыруымен құрылған «Тәрбие.Білім.Дарындылық» шығармашылық топ іс шарасына орай Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика – математикалық мектеп –интернатының математика пәні бірлестігінің ұйымдастыруымен Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласын жүзеге асыру мақсатында «Тәуелсіз ел тірегі- білімді ұрпақ» тақырыбында математика апталығы болып өтті. Апталықта жас ұстаздар үлгілі сабақтар көрсетті, ал жоғары буын өкілдері түрлі деңгейдегі шеберлік кластар, панораммалық сабақтар, лекциялар өткізді.Апталықтың қорытындысында «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» деген тақырыпта математика пәні мұғалімдерінің іс – тәжірибесін бөлісуге арналған кеңейтілген отырысы  болып өтті.

Толығырақ...

Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернатында Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында  спорттық шаралар «Ұлт саулығы-болашақ кепілі» тақырыбында өткізілді. Мақсаты: салауатты өмір салтын қалыптастыру. Интернат оқушылары арасында 9-10-11 сыныптар арасында волейболдан жарыс, ал  6,7,8 сыныптар арасында «Пионер бол» ойыны ойнатылды. Волейбол жарысына 4 командадан оқушылар қатысты.

Волейболдан жеңіске жеткен командалар:І орынға 10 сыныптар, ІІ орынға 11 сыныптар, ІІІ орынға 9 сыныптар, ІV орынға аралас топтар.

«Пионер бол» ойынынан жеңіске төмендегі командалар ие болды:

І орынға «Қыран» тобы, ІІ орынға «Динамо» тобы, ІІІ орынға «Сұңқар» тобы, ІV орынға «Жастар» тобы ие болды.

Толығырақ...

 Мектепішілік әдістемелік апталық 5-желтоқсанда физика-информатика бірлестігінде  өткізілді.

8 класта физика пәнінің мұғалімі Сүлейменов Бегдулла «Заттың агрегаттық күйлері өзгерген кездегі жылу мөлшерін есептеу» атты сабағын өткізді. Сабақ кезінде жылу машиналары туралы түсінік бере отырып, жұмыс жасау принциптеріне тоқталды. Есеп шығару, шығарған есептерге талдау жасай білуге, оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамытуда топпен, интерактивті тақтамен, кітаппен жұмыс жүргізілді. Оқушылардың физика пәніне қызығушылықтары бар екендігі байқалды.

Толығырақ...