Мектепішілік спорттық жарыс

Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернатында Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында  спорттық шаралар «Ұлт саулығы-болашақ кепілі» тақырыбында өткізілді. Мақсаты: салауатты өмір салтын қалыптастыру. Интернат оқушылары арасында 9-10-11 сыныптар арасында волейболдан жарыс, ал  6,7,8 сыныптар арасында «Пионер бол» ойыны ойнатылды. Волейбол жарысына 4 командадан оқушылар қатысты.

Волейболдан жеңіске жеткен командалар:І орынға 10 сыныптар, ІІ орынға 11 сыныптар, ІІІ орынға 9 сыныптар, ІV орынға аралас топтар.

«Пионер бол» ойынынан жеңіске төмендегі командалар ие болды:

І орынға «Қыран» тобы, ІІ орынға «Динамо» тобы, ІІІ орынға «Сұңқар» тобы, ІV орынға «Жастар» тобы ие болды.