физика-информатика апталығы
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Жарияланды 15 Желтоқсан 2017
-
Қаралды: 1198
Мектепішілік әдістемелік апталық 5-желтоқсанда физика-информатика бірлестігінде өткізілді.
8 класта физика пәнінің мұғалімі Сүлейменов Бегдулла «Заттың агрегаттық күйлері өзгерген кездегі жылу мөлшерін есептеу» атты сабағын өткізді. Сабақ кезінде жылу машиналары туралы түсінік бере отырып, жұмыс жасау принциптеріне тоқталды. Есеп шығару, шығарған есептерге талдау жасай білуге, оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамытуда топпен, интерактивті тақтамен, кітаппен жұмыс жүргізілді. Оқушылардың физика пәніне қызығушылықтары бар екендігі байқалды.
8 класта физика пәні мұғалімі Тілеп Айжан «Жылу машиналары тарауын» қайталау сабағын өткізді. Теориялық білімдерін тұрмыста қолдану алудағдысын жетілдірді. Сабақты ұйымдастыру, үй тапсырмасын сұрау, деңгейлік есептер шығару, тест тапсырмалары, «Блум таксономиясын» пайдалану арқылы жеке жұмыстар жүргізді. Оқушылардың сабақта белсенділігі жақсы.
«Жаңа формат-жаңа мүмкіндіктер» атты семинарды жаңа мазмұнды бағдарламаны оқытудың тренері, физика пәнінің мұғалімі Бозшин Бекболат ұйымдастырды. «Тиімді оқыту және оқу әдістеріне» жан-жақты тоқтала отырып,
1. Тиімді оқу мен оқытудың негізгі тәсілдеріне
2. Топпен жасалатын жұмыс түрлерінің ерекшеліктеріне
3. Белсенді оқу дегеніміз іс-әрекет арқылы оқу, көңілді оқуға
4. Сезім органдарын оқу үшін пайдалану ерекшеліктеріне тоқталды. 10% оқу, 20% аудио-визалды қабылдау, 30% көрсетілім, 50% талқылау, 75% тәжірибеде жасау, 90% өзгелерді оқытуға назар аударылды.
Семинар барысында
-ақпараттардың керектісін чемоданға салу;
- артық дүниені қоқыс жәшігіне салу;
-толықтыру керек дегенді еттартқышқа салу керектігі ескертілді.