«Оқуға құштар мектеп» жобасының «Әдеби әлем» марафоны
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Категория: Тәрбие жұмысы
-
Жарияланды 30 Қаңтар 2022
-
Қаралды: 236
Бүгін, яғни ағымдағы жылдың 28 қаңтар күні педагогика-психология бірлестігі мүшелерінің ұйымдастыруымен «Оқуға құштар мектеп» жобасының «Әдеби әлем» марафоны аясында Дулат Исабековтің «Жеті желкен» атты пьесалар жинағының таныстырылымы болып өтті. «Осы жұрт Исабековті біле ме екен?»-деп тақырып ала отырып, тау тұлғалы қаламгерді жан-жақтан ашуды мақсат тұттық. Журналист жолға шығып, тыңдармандарды сұрағымен баурап, Исабеков әлеміне алып келді. Жазушының өмірі жайлы қызықты деректерден мысалдар келтіре отырып, «Мен оқыған бір кітап...» тақырыбымен «Жеті желкен» пьесалар жинағына енген туындыларға тоқталып, өз пікірлерін білдірді. Кері байланыста «Дулат-қазақ драматургиясын биікке көтеруші» деген ойды оқырмандар көкейіне түйді.
#физмат#тәрбие
#АқтөбеОқуғақұштармектеп
#Ақтөбетынышоқу
#Ақтөбемағыналыоқу
#Оқимызсахналаймыз
Деструктивті діни ағымдардың ықпалының алдын алу
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Категория: Тәрбие жұмысы
-
Жарияланды 27 Қаңтар 2022
-
Қаралды: 182
26 ақпан 2022 жылы Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернатының 10-11 класс оқушылары мен "Ақтөбе облысының дін істері басқармасы" «Аңсар ақпараттық-талдау орталығының» ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі, теолог маманы Асанов Нұрлан Әділханұлы және орталықтың психолог маманы Касенов Ақжол Нұрланұлымен «Деструктивті діни ағымдардың ықпалының алдын алу» тақырыбында кездесу өтті.
Бокс секциясы ашылды
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Категория: Тәрбие жұмысы
-
Жарияланды 25 Қаңтар 2022
-
Қаралды: 149
🥊Баланы тәрбиелеу үздіксіз процесс, ол оның бос уақытында да жүзеге асырылады. Адам өмірінде бос уақыттың рөлі өте ерекше. Ол демалу, тынығу үшін емес, рухани қажетін өтеуге, ойлау қабілетінің жетілуіне, жалпы жан - жақты болуына арналады.
🥊Дұрыс тиімді ұйымдастырылған бос уақыт - олардың рухани өмірін, көзқарасын толықтырылуын қамтамасыз етеді.
🥊Осы орайда мектеп-интернат оқушыларының бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру мақсатында бокстан спорт шебері, халықаралық дәрежедегі жаттықтырушы, Ақтөбе облысының аға жаттықтырушысы Уббаниязов Ерәділ Жиенбайұлының қолдауымен мектебімізде бокс секциясы жұмысын бастады.
🥊Бокс ақылдыларға арналған спорт түрі. Мамандар жаттығу кезінде әрбір қимылыңның нақтылығына математикалық формула секілді көз жеткізіп отыру арқылы соққының күшін және қарсыласыңның әрекеттерін логикалық түрде болжауды үйрететінін айтады.
🥊Әр аптаның дүйсенбі, сәрсенбі, жұма күндері
бокстан спорт шеберлігіне үміткер Шокбаров Нурлыбек Нурланович мектеп-интернаттың ер балаларын сағат 18:00 - 19:30 аралығында жаттықтырады. Бокс секциясына мектеп-интернаттың 55 тәрбиеленушісі қатысып, дене дайындықтарын шынықтыруда.
#физмат#тәрбие
@bilim_basqarmasy_aqtobe
@bilim_jane_gylym
@aqtobe_obl_sport
Хабарландыру
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Категория: Мемлекеттік сатып алу
-
Жарияланды 24 Қаңтар 2022
-
Қаралды: 117
«Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика- математикалық мектеп-интернаты» КММ-нің индексі: 030000, Ақтөбе қаласы, Сәңкібай батыр даңғылы 74С
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 Бұйрығына сәйкес "мектеп - интернаттың мамандандырылған күзет қызметі" конкурсы ұйымдастырылатыны жарияланады.Конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келетін барлық өлеуетті өнім берушілер конкурсқа қатыса алады.
Қосымша мәліметтер мен аңықтамаларды www.phizmat.kz интернет ресурсынан және 8(7132) 90-93-31, 90-93-34 телефоны арқылы алуға болады.
КГУ «Актюбинская областная специализированная физико-математическая школа-интернат», индекс: 030000, г.Актобе, пр.Санкибай батыра 74С
Объявляется, что в соответствии с Приказом Министра финансов Республики Казахстан от 11 декабря 2015 года № 648, организуется конкурс «Услуги специализированной охраны школы - интернат». В конкурсе могут принять участие все поставщики, отвечающие требованиям конкурсной документации.
Для получения дополнительной информации и запросов, пожалуйста, посетите www.phizmat.kz или позвоните
8 (7132) 90-93-31, 90-93-34.
Тәрбие сағаттарын өткізді
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Категория: Тәрбие жұмысы
-
Жарияланды 22 Қаңтар 2022
-
Қаралды: 121
Қазақтың тұрмыс-салтында бала тәрбиесімен тікелей әйел адам айналысқанымен, ер азаматтың қас-қабағы, мысы, бір ауыз сөзі, бейнесінің өзі көп нәрсені шешеді. Көбіне мектеп қабырғасында әке тәрбиесін ер мұғалімдер теңестіріп, балалардың мінез-құлықтарының қалыптасуына оң ықпал береді. Міне, осы көзқарас ұлттық педагогикамызда ерлердің маңыздылығын арттырып отыр.
Осы орайда оқу жылының басында Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернатының ер мұғалімдеріне тәрбие жұмысына етене араласу мақсатында, қоғамдық жұмыс ретінде қосымша кластар бөлініп берілген болатын.
Бүгін мектеп-интернаттың ер мұғалімдері өздеріне бекітілген кластарына тәрбие сағаттарын өткізді. Ағайлардың креативті идеяларының арқасында әртүрлі форматтағы тәрбие сағаттарының куәсі болдық.
Шәкірттерінің "Ағай!" деген үнінен қуат алып, тәуелсіз елдің ертеңгі ұландарын тәрбиелеп жүрген ер мұғалімдеріміз көпке үлгі.