Түлектер сыйы

????????????????????????????????????????????????????????"ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП" жобасы аясында оқушылардың қолынан шыққан БУКТРЕЙЛЕРДІ ұсынамыз!!!

????Қанша  жер­ден интернет дамып, электронды оқу­лық пен кітаптар қолданысқа ене бас­таса да, қолға ұстап оқитын кітаптың қадір-қасиеті ерек­ше екені белгілі.

????Осы орайда мектеп-интернатымыздың ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Нургазина Жамила Хасангалиевнаның жетекшілігімен 9 "А" класс оқушысы Елубай Таир өзі оқыған шетел әдебиетінің мазмұны бойынша буктрейлер жасады.

????Америкалық жазушы Стивен Кингтің
1986 жылы "Viking Press" басылымында жарық көрген шытырман оқиға жанрындағы "Оно" романы.

#физмат#тәрбие

      Жақсылық жасау – имандылықтың тәрбиеліліктің, парасаттылықтың айқын көрінісі. «Не берсең де балаға бер, бала үшін жаса» деген халқымыздың игі дәстүрі қазіргі кезде қайырымдылық іс тәжірибелерімен көрініс табуда. Абайдың он төртінші қара сөзіне жүгінетін болсақ,  «Нағыз жүрек ісі рақымдылық, мейірбандылық және әртүрлі істе адам баласының бәрін өзіне тартып, бауырым деп, өзіңе ойлағандай оларға да болса игі еді» делінген.

Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернатының түлектерінің мектепке жасаған сыйлары:

1.Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернатының 2001 жылғы түлектері  құны 80000 теңге болатын CANON EOS-1200 фотоаппаратын сыйға тартты.

2. Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернатының  1999ж., 2001 ж. түлектері құны 278000 теңге тұратын 2 дана базалық dstorms Education жиынтығын сыйға тартты.

3. Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернатының 2007 ж.түлектері құны 220000 теңге тұратын дербес компьютер сыйға тартты.

4. Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернатының 2000 ж. түлегі  Аяуов Ғабит 55000 теңгеге «Рухани жаңғыру» қабырғасын жасақтап берді.

Түлектерден барлығы 633000 теңгеге көмек көрсетілді.