Патриотизм дауысы
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Категория: Тәрбие жұмысы
-
Жарияланды 15 Қазан 2022
-
Қаралды: 222
⚜Республика күні – еліміздің тәуелсіздік жариялауына негіз болған айтулы күн. 25-қазанда қазақ елі декларация жариялап, мемлекеттің тәуелсіздігін айқындады.
⚜Соған орай, 2022 жылы 13 қазан күні Ақтөбе облыстық мамандадырылған физика-математикалық лицей-интернатында «Республика күнін» атап өту мақсатында сабақтар «Патриотизм дауысы» тақырыбымен мемлекеттік гимінді орындаудан басталды.
⚜Содан кейін «Тәуелсіздік - елімнің еркін жолы» тақырыбында кітапханада кітап көрмесі жұмыс жасады және де лицей-интернаттың өнерлі оқушыларының қатысуымен «Қазақстан – кең байтақ жерім» тақырыбында суретшілер көрмесі өтті.
⚜Сонымен қатар «Менің арманымдағы Қазақстан» эссе конурсы және «Атамекен» тақырыбына патриоттық диктант-конкурсы ұйымдастырылды.
⚜Бүгін өткізілген көрмелер мен конкурстардың қорытындысы 21 қазан күні өтетін «Гүлдене бер, менің Қазақстаным» атты мерекелік концертте жарияланып, жеңімпаз оқушылар марапатталатын болады.
⚜Барша қазақстандықтарды Егемен Еліміздің Еңселі мерекесімен құттықтаймыз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
Құқықбұзушылықтың алдын алу
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Категория: Тәрбие жұмысы
-
Жарияланды 15 Қазан 2022
-
Қаралды: 149
Ағымдағы жылдың 13 қазан күні Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатына жаңадан тағайындалған кәмелет жасқа толмағандар ісі жөніндегі инспекторы, полиция аға лейтенанты Сапарова Шынар Темирбековна @idn_uip_upp9_aqtobee оқушылармен танысып, оларға “Құқықбұзушылықтың алдын алу” және “Жол қауіпсіздік ережелері” тақырыбында ақпарат беріп, түсінік жұмыстарын жүргізді.
"Орта буынды ортаға бейімдеу" бағытында 6 класс ата-аналар жиналысы
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Категория: Психологиялық қызмет жаңалықтары
-
Жарияланды 10 Қазан 2022
-
Қаралды: 198
Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика- математикалық лицей-интернатында 2022 жылдың қазан айының 10-шы жұлдызында "Орта буынды ортаға бейімдеу" бағытында 6 класс ата-аналармен жиналыс өтілді. Мұнда лицей психологі М.Истигулова оқушылардың жаңа ортаға бейімделуі туралы жүргізілген жұмыстарға жеке-жеке ақпараттық түсіндірме жасады. Оның ішінде:
- оқушылардың темперамент типтері, мінез-құлқына қарай көрсеткіштерін түсіндіру,
- оқуды игеруде әр оқушының "есте сақтау түрлерінің көрсеткіштері",
- отбасының бала тәрбиесіндегі рөлі,
- оқушының арман-тілегінің айқындылығы,
- бала агрессиясының деңгейін зерттеудегі диагностиканың нәтижесі толығымен түсіндіріліп, ата-аналарға психолог тарапынан психологиялық кеңестер берілді.
Ашық есік күні ұйымдастырылды
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Категория: Тәрбие жұмысы
-
Жарияланды 10 Қазан 2022
-
Қаралды: 157
Ағымдағы жылдың 10 қазан күні Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатының 6 класс оқушыларының ата-аналары үшін ашық есік күні ұйымдастырылды. Ата-аналар мұғалімдерімен кездесіп балаларының оқу сапасы туралы математик, қазақ тілі, ағылшын тілі, жаратылыстану, информатика, тарих пәндерінің мұғалімдерімен толық ақпарат алмасты. Көкейлерінде жүрген сұрақтарына жауап алды.
Құқықтық сауаттылық заман талабы
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Категория: Тәрбие жұмысы
-
Жарияланды 10 Қазан 2022
-
Қаралды: 139
Тәрбие бөлімінің жылдық жоспарына сәйкес "Құқықтық сауаттылық заман талабы" тақырыбында 7-сыныпта сыныптан тыс шара өтті. Шараға заң саласының қызметкері Байменов Асылбек мырза келіп, оқушыларға қазіргі заман талабына сай құқықтық тәрбие үдерісі, құқықтық сауаттылық жайлы ақпарат берді.