Ғасырдың дара перзенті
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Категория: Тәрбие жұмысы
-
Жарияланды 15 Қазан 2022
-
Қаралды: 200
Ағымдағы жылдың 13 қазан күні Ақтөбе қалалық орталық кітапханада Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатының 10"Б" сынып оқушыларымен Д.Қонаевтың туғанына 110 жылдығына орай "Ғасырдың дара перзенті" атты сыныптан тыс тәрбие сағаты өтті. Оқушылар қазақтың біртуар азаматы Д.Қонаев туралы жан- жақты мәлімет алып, жазған кітаптарымен танысты. Шара соңында кітапхана меңгерушісі К.А.Байчеркасспен, КТК телеарнасының тілшісі Ж.Ахашпен жақсы сұхбат болды.
Сынып тәрбиешісі З.Бекмагамбетова.
Экскурсияға барды
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Категория: Тәрбие жұмысы
-
Жарияланды 15 Қазан 2022
-
Қаралды: 177
Тәрбие бөлімінің жылдық жоспарына сәйкес 13 қазан күні Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатының 10 "Б" сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беру мақсатында Ақтөбе облысы бойынша " Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы" филиалына экскурсияға барды. Орталықта зертхана жұмысымен, көрмедегі көне жәдігерлермен танысып ,филиал директоры Т.Ж.Малаевтың,инженер Н.Балғабаевтың қызықты әңгімелерін тыңдады. Оқушылар жақсы әсер алып қайтты.
Сынып тәрбиешісі З.Бекмагамбетова.
Дін - тәрбиенің рухани тірегі
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Категория: Тәрбие жұмысы
-
Жарияланды 15 Қазан 2022
-
Қаралды: 199
Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатының 11 класс оқушыларымен бүгін “Дін - тәрбиенің рухани тірегі” тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Шараға Ақтөбе қаласының дін мәселелері және қоғаммен байланыс жөніндегі орталығы басшысының орынбасары Сәбит Мұқанов мырза қатысты.
Дөңгелек үстел барысында жалпы рухани-адамгершілік тәрбие төңірегінде әңгіме қозғалды. Кездесу оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берумен аяқталды.
Лицей-интернатта Республика күніне арналған шаралар бастау алды
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Категория: Тәрбие жұмысы
-
Жарияланды 15 Қазан 2022
-
Қаралды: 154
Патриотизм дауысы
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Категория: Тәрбие жұмысы
-
Жарияланды 15 Қазан 2022
-
Қаралды: 169
⚜Республика күні – еліміздің тәуелсіздік жариялауына негіз болған айтулы күн. 25-қазанда қазақ елі декларация жариялап, мемлекеттің тәуелсіздігін айқындады.
⚜Соған орай, 2022 жылы 13 қазан күні Ақтөбе облыстық мамандадырылған физика-математикалық лицей-интернатында «Республика күнін» атап өту мақсатында сабақтар «Патриотизм дауысы» тақырыбымен мемлекеттік гимінді орындаудан басталды.
⚜Содан кейін «Тәуелсіздік - елімнің еркін жолы» тақырыбында кітапханада кітап көрмесі жұмыс жасады және де лицей-интернаттың өнерлі оқушыларының қатысуымен «Қазақстан – кең байтақ жерім» тақырыбында суретшілер көрмесі өтті.
⚜Сонымен қатар «Менің арманымдағы Қазақстан» эссе конурсы және «Атамекен» тақырыбына патриоттық диктант-конкурсы ұйымдастырылды.
⚜Бүгін өткізілген көрмелер мен конкурстардың қорытындысы 21 қазан күні өтетін «Гүлдене бер, менің Қазақстаным» атты мерекелік концертте жарияланып, жеңімпаз оқушылар марапатталатын болады.
⚜Барша қазақстандықтарды Егемен Еліміздің Еңселі мерекесімен құттықтаймыз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!