Жаратылыстану және әскери-спорттық бірлестігінде әдістемелік күн өткізілді.
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Жарияланды 15 Желтоқсан 2017
-
Қаралды: 842
6-желтоқсанда жаратылыстану және әскери-спорттық бірлестігінде әдістемелік күн өткізілді. Биология пәні мұғалімі,жоғары санатты ұстаз Мұхтарова Гүлсім 6а класында «Фотосинтез» атты жаңа сабақты меңгерту сабағын өткізді. Оқушылармен интерактивті тақтада жұмыс жасады. Оқушылар үй тапсырмасын тексеруде қойған сұрақтарға жауап берді. Ой сергіту, ғалымдарды атау, суретпен жұмыс, дәптермен жұмыс жүргізілді. Оқушылар берілген тапсырмаларды уақытында дәл орындады. Проблемалық технологияны тиімді пайдалана отырып, оқушылардың ізденушілік қабілеттерін арттырды. Биология пәніне оқушылардың қызығушылығы жоғары екендігі байқалды.
8 класта химия пәні мұғалімі Рамазанова Ардақ «Химиялық байланыс түрлері» атты сабағында химиялық байланыстың түзілу кестесін көрсете отырып, сабақтың меңгерілуіне қажетті электронды оқулықты тиімді пайдаланды. Сабақ құрылымында ұйымдастыру, қызығушылықты ояту, мағынаны тану, сергіту, бағалау бөлімдері қамтылып, оқушылар топпен, жеке жұмыстар жүргізді. Топ бойынша постер қорғады. Оқушылардың химия пәніне қызығушылықтары бар екендігі байқалды, үш тілде өз ойларын еркін білдіріп,бейне материалдармен жұмыстар жүргізілді.
География пәнінің мұғалімі Тұрғанбаев Мирас 6б класында «Таулардың пайда болуы. Қатпарлы және қатпарлы-жақпарлы таулар. Таулардың өзгеруі» атты сабағында оқушыларға таулардың пайда болуы жайлы түсінік беріліп, оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, сөздік қорларын арттыруға жағдай жасады.Интерактивті тақтамен жұмыс жүргізілді. Оқушылардың география сабағына белсенділіктері жақсы екендігі байқалды.
Технология пәнінің мұғалімі Төрежан Бекзат «Шалбар тігу технологиясы» атты сабағында сәннің негізгі бағыттары, дизаин туындыларының ерекшеліктеріне түсінік берді. Топпен жұмыс жүргізіліп, «Ой толғаныс», ашық микрофон әдістері қолданылды. Оқушылар екі топқа бөлініп, шалбарды тігу технологиясын меңгергендігін көрсете отырып,өз туындыларымен бөлісті.
Жаратылыстану және әскери-спорттық бірлестік жетекшісі Рамазанова Ардақ «Даналық негізі – білім, білім негізі - ғылым» атты дөңгелек үстелді өткізді. Дөңгелек үстел жоспарында «Жаңартылған білім беру мазмұны» атты баяндамасында химия пәні мұғалімі Аяуова Райса әрбір пәннің ерекшелігін ескере отырып,маңыздылығы, оқу бағдарламасының басшылыққа алу негізінде оқу бағдарламасының мақсаты, үштілділік саясатқа,оқу пәндерінің мазмұнына байланысты өзінің ой пікірін ортаға салды. Жаңартылғанн білім мазмұны бағдарламасы бойынша физика пәні тренері «Тиімді оқыту және оқу» тақырыбында тиімді оқу мен оқытудың тиімді әдіс-тәсілдеріне тоқталды. Ұстаздарды екі топқа бөліп, белсенді мұғалім, белсенді оқушыға нақты тұжырымдар мен өзіндік ойларын ортаға салғызып, пікірлерін қорғатты.Т»оп мүшелері өзіндік ой пікірлерін білдірді.
Технология пәні мұғалімі Төрежан Бекзат «Технология пәнінің әдістемесі» тақырыбында өз пікірлерін айтып, технология пәнінде оқушылардың жасаған ізденіс жұмыстарын көрме ретінде көрсетті. Дөңгелек үстел өте тартымды өтті. Қатысушылар өз ризашылықтарын білдірді. 4 ашық сабақ, 1 кластан тыс шара, 1 дөңгелек үстел өткізілді.