Тілдер және қоғамдық пәндер апталығы

Мектебімізде тілдер және қоғамдық пәндер бірлестігінде 7-желтоқсанда мектепішілік әдістемелік апталықтың әдістемелік күні өтті.Қазақ тілі пәнінің мұғалімі Айетова Балжан 9а класында «Публистикалық стил» атты сабағында бейнематериалдармен жұмыс жасай отыра,өзекті сұрақтарды қою арқылы жаңа сабақтың тақырыбын өздері табу арқылы оқушылардың ой- пікірлерінің қалыптасуына жағдай жасады.Оқушылардың журналист маманы ретінде сезінулеріне мүмкіндік бере отырып,өзіндік көзқарастарының қалыптасуына жұмыстанды.Қазақ тілі пәніне оқушылардың қызығушылығы жоғары екендігі  байқалды.

Қазақ тілі пәнінің мұғалімі Орынбасарова Тоты 8-класта «Өлең-сөздің патшасы,сөз сарасы»атты сабағында оқушыларды топпен жұмыс жасата отырып,оқушыларды топқа бөле отырып,берілген тақырыптың мазмұнын ашуға жұмыстанды.Оқушылар берілген тақырыптың мазмұнын ашуға жұмыстанды.Өленнің әдеби жанры,автор тілінің сөздігі, өленнің әдеби жанры,автор тілінің  сөздігі,өлеңнің құрылысына,ақынның мұратына оқушылар өзіндік тұжырымдамаларын келтіріп.сабақтың мазмұнын ашуға атсалысты.

Орыс тілі пәнінің мұғалімі Сұлтанмұратова Алмагүл 8- кластағы «Односоставные предложение» -атты сабағында лингвистикалық ойлауды дамытуға жұмыстар жүргізіліп,грамматикалық жаттығулар жасалып,жеке оқушымен жұмыстар жүргізіліп,тұлғаның өзіндік ізденулеріне мүмкіндік берілді.Орыс тілі сабағында қазақ тілімен,тарих пәнімен байланыс шебер қолданылды.7-класта ағылшын тілі пәні мұғалімі Сатаева Ғалия «Саяхат»- атты сабағында оқушылардың өзіндік пікірлерін топтың талқысына салғызып,Лондон, Астана қалаларына саяхат жасата отырып,сол қалалардың халқы, өнеркәсібі,тарихы туралы өздерінің ізденістерімен бөлісті.Ағылшын тілі пәнінен оқушылардың өзбетінше ізденіс –зерттеушілік дағдыларының жақсы екендігі байқалды.

Тарих пәні мұғалімдері Еңсегенова Ботакөз,Сағынғалиева Бақыткүл« Батыр- батыр емес, бастаған батыр»-атты тарихи-этнографиялық кешінде интерактивті тақтада қойылған сұрақтармен жұмыс, мақал-мәтелдермен жұмыс жүргізілді.Қатысқан әрбір оқушының өзін батыр ретінде сезініп,батырға тән жауапкершіліктің жоғары болу керектігіне мән берілді.Пән мұғалімдері оқушылардың сөздік қорларын кеңейтіп,сөйлеу мәдениетін дамытуға назар аударды.

 

Ағылшын пәні мұғалімі,мектептің деңгейлік қоғамдық жетекшісі Нұрғазина Жамиланың ұйымдастыруымен өткізілген «Мейірімді болса жүрек,орындалар тілек»-атты тренингте амандасу, «ыстық картоп»- жаттығулары,теңізге саяхат-релаксациялық жаттығулары,рефлексия бөлімдерін қамтыды.