Жемқорлықсыз өмір

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында мектеп оқушылары арасында ұйымдастырылған облыстық сырттай «Жемқорлықсыз өмір» атты үздік бейнероликтер байқауына мектеп-интернат оқушылары қатысып, өз үлестерін қосты. 11 сынып оқушысы Орынбасар Амандық «Транспарентті мемлекетті қолдаймыз!» тақырыбында бейнероликтер байқауына қатысып, нәтижесінде Орынбасар Амандық ІІ дәрежелі Дипломмен және бағалы сыйлықпен марапатталды. Амандыққа шығармашылық табыстар тілейміз!