Мұғалімнің шеберлігі - сапалы білімнің кепілі

Мектебімізде 3 желтоқсан – 9 желтоқсан аралығында «Мұғалімнің шеберлігі  - сапалы білімнің кепілі» атты мектепішілік әдістемелік апталық өткізілді. Мектепішілік әдістемелік апталықтың мақсаты: мұғалімдердің кәсіби шеберліктерін жоғарлата отырып, өзіндік ізденістерін арттыру. 4 желтоқсанда математика бірлестігінің жетекшісі Жанбуршина Қайнаргүлдің ұйымдастыруымен  «Математика саласындағы жетістіктер» атты ғылыми- танымдық фильм көрсетілді.Оқушылар видеоматериалдарды көріп,өздерінің алған әсерлерімен бөлісіп,қызығушылықтары жоғары екендігін көрсетті. 

7 класта математика пәнінің мұғалімі Арызахметов Еркебұлан «   түріндегі функциясы және оның графигі» тақырыбында сабақ өткізді. Сабақ барысында ынтымақтастық ақуалды туғыза отырып, білімді  актуалдандыру үшін фронтальды сұрау жасалды. Жаңа сабақта функция графиктері салынып, көрсетілді, топтық, жеке жұмыс, саралауға назар аударылып, бағалау, рефлексия жүргізіліп, оқушыларды математикалық сауаттылыққа үйретуде жұмыстар жүргізілді.

6б класында математика пәні мұғалімі Зейнолла Рахметулла «Рационал сандарды бөлу» атты жаңа білімді меңгерту сабағында оқушыларды ақпараттар алмаса білуге, құзырлылықты қалыптастыру, көбейту амалындағы таңбалар ережесін дұрыс пайдалана   білуге машықтандырды.Бөлу амалдарын қолдана білуге, оқушылардың есеп шығару дағдысын қалыптастыруға жұмыстар жүргізілді.

        8 класта математика пәні мұғалімі Есалина Айзада «Квадрат үшмүшені көбейткіштерге жіктеу» сабағында квадрат үшмүше және оның түбірлері ұғымдарымен таныстырып, квадрат үшмүшені көбейткіштерге жіктей алу дағдыларын қалыптастырды.Топпен жұмыстар жүргізуде оқушылардың бірін-бірі тыңдай білуге дағдыландыруға жұмыстар жасалды. Сабақ барысында сөйлеу мәдениетін қалыптастыруды басшылыққа алу қажеттілігі ескертілді.Математика бірлестігінде «Математика қызықтары» атты  кластан тыс шара өткізілді. Интерактивті тақтада 6-8 класс оқушыларына бірліктер туралы ұғымдар, қашықтықты өлшеу әдістері туралы құнды ғылыми-танымдық мәліметтер беріліп, оқушылардың математикалық дағдысын жоғарлатты.